РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар"Шахтер". Клуб проблемалары мен келешегі туралы

08 Маусым 2017, 18:46

Қарағандылық "Шахтер" Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінің соңғы орнында тұр. Команданың чемпионаттағы нәтижелері клуб басшыларының ауысуына себеп болды. Жақын арада "кеншілердің" атқарушы директоры болып тағайындалған Олжас Абраев "Шахтердің" қазіргі жағдайы және болашағы туралы ҚКФЛ-ның ресми сайтына сұхбат берді.   

- Олжас Шәкенұлы, сіз "Шахтерге" қиын кезде келдіңіз. Клуб чемпионаттың соңғы орнында тұр, қаржы жағынан да қиындықтар бары құпия емес. Жұмысыңызды неден бастайсыз?

- Мен сізге барлығын түсіндіре кетейін, қазіргі таңда мен клубтың директордың міндетін атқарушы болып тағайындалдым. Алдағы уақытта Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе "Шахтердің" қаржы аудиті өтеді. Содан кейін келесі қадамымыз бен жасалатын жұмыс белгілі болады. Бұл сұраққа әбден ойланып кірісу керек. Бұл жағдайда стратегиялық тұрғыда қаржы маңызды рөл атқарады, себебі алдымызға Премьер-лигадағы орынды сақтап қалу мақсаты қойылып тұр.Сонымен қатар  жиналып қалған қарыздар да бізді артқа тартып тұр. Әрі қарай қандай әрекеттер жасаймыз деген сұраққа тек қаржылық аудит өткеннен кейін жауап бере аламын.

Сөзсіз, турнирлік кестедегі орнымыз қуантпайды. Ойыншылар да уайымдайды. Жанкүйерлердің де алдында ұят. "Шахтер" - тарихы мен дәстүрі бар клуб, еуропалық турнирдің топтық кезеңіне қатысқан алғашқы команда. Футболды қала халқы да жақсы көреді, Қарағанды жері таланттарға бай. Жас ойыншыларды дайындайтын Орталық жақсы нәтижелер беруде, біздің түлектер әрдайым ұлттық құрамаға шақырту алып тұрады. Біз қала басшылығымен кездестік. Әкім аймақта футболды дамытуға қызығушылық білдіруде. Және де ол "Шахтердің" еліміздің үздік командалар қатарына оралғанын қалайды. Бұл, әрине, қуантады. Бірақ, командаға соңғы бірнеше жылда жоғарғы орындарға таласуға бөгет болып отырған проблемалар баршылық.

- Неге таңдау Саулюс Ширмялиске түсті?

- Қазір "Шахтер" командасының бас бапкер міндетін атқарушысы - Андрей Финонченко. Саулюс Ширмялиспен келісім шарт жасасуға тек ниетіміз бар. Саулюс - тәжірибесі мол, соның ішінде жеңу тәжірибесі мол, жақсы маман. Сонымен қатар ол Қазақстан футболында жұмыс жасады және бәрімен жақсы таныс. Өтіп жатқан маусымда алға қойған мақсаттарды шешу үшін бізге осындай бапкер керек - авторитетті, тәжірибелі, білгіш. Сол себептен біздің таңдауымыз литвалық маманға түсті. Бүгін команда қысқа мерзімді жиын өткізу үшін Шымкентте жиналды, сол жиында Саулюс командамен танысады. Барлығы ойдағыдай өтіп, Саулюс Ширмялис "Шахтердің" бас бапкері атанады деп үміттенемін.      

- Келесі аптада "трансферлік терезе" ашылады. Команда сапын күшейтуге қандай жоспар бар?

- Бізде құрамда қиындықтар бар. Маусымның басынан жарақат алғандар саны көп. Сол себептен командадан Никола Василевич кетті, сонымен қатар жарақатына байланысты Иван Садовничий де бізге маусым аяқталғанша көмекші бола алмайды. Кұрамды күшейту бізге, әрине, қажет. Бірақ ойыншыларға қатысты барлық шешімдер бапкерлік штабтың келісімімен жүзеге асырылады.

- ҚКФЛ-ның алаңдарды тексеру комиссиясы "Шахтер" стадионында ойнауға тиым салды. Стадионның қазіргі жағдайы қалай?

- Алаңның жағдайын жақсарту үшін күрделі жұмыс жасалды. Бұл процесс кезінде ҚКФЛ және ҚФФ мамандары бізге консультация ретінде өз көмегін тигізді, сол үшін оларға рақмет айтамын. Қазір алаңның сапасы жақсы. Алдағы уақытта ҚКФЛ-ның алаңдарды тексеру комиссиясын қайта шақыртып, олардан команданың ойындарын өткізуге келісім алуға тырысамыз. 17 маусымда өз алаңымыздағы "Атырауға" қарсы ойынды "Шахтер" стадионында өткіземіз деген ойдамыз. Алаңды жақсы сапасында сақтау үшін жаттығу жиынын қазір Шымкент қаласында өткізуге шешім қабылдадық. БИІК базасының басшылығына бұл жиынды ұйымдастыруға ықпалын тигізгені үшін ризамын. Әрине, бұл - проблеманың уақытша шешімі, сондықтан инфоқұрылымның жоқтығын қазір жалпы шешу қажет. Бәріміз білеміз, команда маусымды Астанада немесе Теміртауда бастайды. Команда маусымның барлық ойындарын өз алаңында өткізе алмайды, бұл жағдай команда мен жанкүйерлерді қынжылтады, сондықтан алаңның проблемасын бірінші кезекте шешу керек.      

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 4006 )