РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарМақсат Тюмалиев: «Ақтөбе» секілді клуб маусымға тек ең жоғары мақсат қоюы тиіс»

15 Ақпан 2017, 10:28

 - Мақсат Әлбекұлы, жаңа маусымға дайындық қалай өтуде? Барлығы жоспар бойынша ма?

- Дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр. Барлық мақсаттарымыз орындалуда. Неғұрлым жаңа футбол маусымы жақындалғанда, соғұрлым тез арада шешуге қажет сұрақтар пайда болады. Әркім өз жұмысымен айналысуда. Бапкерлер де бар күшін салып, тырысып жатыр. Түркия елінде жаттығып жүрген командамен біз әрқашанда байланыстамыз.

- Неліктен командаңыз бас бапкер лауазымына Игорь Рахаевты таңдап алды? Үш басты факторларды атай аласыз ба?

- Бізге жоғары дәрежелі маман керек болды. Үлкен деңгейде өзін көрсеткен бапкерді іздедік. Екінші фактор – үміткердің шамданушылығы. Рахаевпен сөйлесіп, оның бірден жұмысқа кірісе алатынын байқадық. Өзін көрсеткісі келеді. Әрине, қаржылық мәселесі - басты сұрақтардың бірі. Тез арада келісіп алғанбыз. Оның адамгершілік қасиеттерін де анық аңғардық. Сөйтіп, қолайлы ақшаға жоғары кәсіби маманды таптық. Тағы бір фактор – Игорь Владимирұлы жас ойыншылармен тіл табыса алады. «Металлист» командасында жастармен жұмыс істеген. Біз үшін ол өте маңызды, себебі жергілікті футболшыларды көбірек шақыруға жоспарымыз бар.  

-«Ақтөбеден» кеткен ойыншыларды қарастырсақ, командаңыз кіммен жаңа маусымда да бірігіп жұмыс істеуге қызығушылығын танытты?

- «Актөбе» секілді клубтар ешкімнен жалбыранып сұрамайды. Командамызда өнер көрсеткісі келетін футболшылар қаншама. Солай болды және болады да. Әрине, Дидар Жалмұқанның жағдайы біздің көңілін түсірді. Оны «Ақтөбеде» көруге әрқашанда қуаныштымыз. Дидармен талай рет сөйлестік, бірақ, келісе алмадық. Басқалар туралы айтсақ, әркіммен сөйлестік. Олардың басым бөлігі - легионерлер. Біздің ұсынысынан бас тартты.

- Жаңадан келген ойыншылар туралы не айта аласыз? Көпшілігі Латын Америкадан шыққан футболшылар екенін байқадық.

- Бізге тек жоғары деңгейде ойнай алатын, тәжірибесі мол легионерлер керек. Себебі жергілікті ойыншыларды көп нәрсеге үйреткендері жөн. Латын Америка футболшыларымен Игорь Рахаев «Металлисте» көп жұмыс істеген. Солардың ішінде бразилиялық және аргентиналық ойыншылар бар. Менің ойымша, жаңадан келгендердің деңгейі өте жоғары. Егер олар әдеттегідей өздерінің үздік ойынын көрсете алса, чемпионатта жоғары орындар үшін таласамыз.

- Осы маусымаралық үзіліс кезінде тағы да жаңа футболшылар келе ме? Командаңыз бүгінгі күнге қанша пайызға нақты құрылған?

- Әрине, жаңа ойыншылармен келісім-шартқа әлі де отырамыз. Қазір төрт бос легионерлік орнымыз бар. Осы маусымаралық үзілісте оларды толтыруға тырысамыз.

- Бұқаралық ақпараттарда команданың сапында Бауыржан Жолшиев жүр деген жаңалық шыққан. Осы ойыншыны өзіңіз шақырдыңыз ба? Қазір Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі қандай қалыпта?

- Ол командаға тосыннан келді деуге болады. «Ақтөбе» сапында ойнауға дайын екенін айтты. Тіпті қаржы мәселесін талқылаған да жоқ болатынбыз. Бауыржан бірден жаттығу жұмыстарына кірісті. Біз оған қаржылай мүмкіндігіміз туралы айтқан болатынбыз. Ойлануға уақыт алды. Қазір командада ол жоқ. Артық ештеңе айта алмаймын.

- Осы жылы «Ақтөбе» өз мерейтойын атап өтеді. Осыған байланысты қандай шаралар жоспарларыңызда бар?

- Әрине, осы мерейтойды өткізу барысында бірнеше шаралар өтеді. Клуб 50 жасқа күн сайын тола бермейді ғой. Жоспарымызда - жарыстар мен мерекелік концерттер ұйымдастыру. Бұрынғы ойыншыларымызды шақырамыз. Үлкен шараға Премьер-Лига клубтарының жетекшілеріне, ҚФФ және ҚКФЛ басшылығына да шақырту қағаздар жібереміз. Егер Қазақстан Кубогының финалы қазанда емес, тамызда өтсе, оны біздің мерейтойымызға арнап өткізер едік. Осы финалға қатысу үшін бар күшімізді саламыз. Негізі, «Ақтөбе» секілді клуб тек жоғары мақсат қоюы тиіс. Оған чемпионат пен Кубок қана емес, еурокубоктық додалар да жатады.

Сұхбат кезінде қолдау көрсеткен «Ақтөбе» клубының баспасөз қызметіне алғысымызды білдіреміз

суреттердің авторы - «Ақтөбе» баспасөз қызметі

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3840 )