РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Қыран» футболшылары Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізді

31 Қаңтар 2017, 17:38

Айталық,  футболдан  Қазақстан  біріншілігінде Шымкенттің   намысын  қорғайтын «Қыран»  командасы Түркияның  Анталия  қаласында  оқу-жаттығу  жұмыстарын  жүргізіп,  онда  бірқатар  командалармен   жолдастық  кездесулер  өткізді. Жақында  жерлестеріміз Шымкентке  оралды.

Бас  бапкер  Бақыт  Кушеновтің  шәкірттері Анталия  шаһарындағы  стадионында 21  қаңтар  күні  жергілікті  футболшылармен  матч  өткізіп, 4:2  есебімен  жеңіске  жетті. Ал, келесі  күні  шымкенттіктер  Қырғызстанның  премьер  лига  командалары  арасында  өнер  көрсететін «Дордой» клубы  ойыншыларымен  жасыл  алаңда кездесіп,  қарсыластарын 1:0  есебімен  қапы  қалдырды.  Голдың авторы  -Тажмағамбетов.  

Ал, шымкенттік  командаға әрдайым  қолдау  көрсетіп  келе  жатқан  Оңтүстік Қазақстан  облысының  дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасының  басшысы  Әлібек  Нұртаев әсіресе,  жергілікті  ойыншылардың кәсібиліктерін  көтеруді   қолдайды.  Айта  кетерлігі, еліміздің  бірінші  лига  командалары  арасында Шымкенттің  намысын  қорғайтын  «Қыран»  командасының  негізгі  мақсаты -  жергілікті  жас  футболшыларды құрамаға  іріктеп  алып,   премьер  лига  клубтарына  дайындап  шығару.

24  қаңтарда «Қыран»  футболшылары Түркия  жерінде кезекті  жолдастық  кездесуді Судан  мемлекетінің  жастар  құрамасымен  алаңда  кездесіп, 0:1 есебімен  жеңілді. Бұл  жолдастық  кездесулер  жас футболшыларымыз  үшін тәжірибелерін  арттырған  маңызды  басқосулар болды. Жерлестеріміз  бірқатар  шетелдік футболшылармен  де  күш  сынасты.

Биыл  «Қыран»  командасының  құрамына ең  талантты  деген  футболшылар  шақырту  алған. Футболшылар  бүгінде  мамандардың қатаң  сынақтарынан  өтіп,  тәжірибелерін  арттыруда. Анталья  жерінде  өткен    халықаралық  жиынға Талғат  Каленов, М.Қуат,  Ғ. Аллашүкіров, Ғ. Ермұрзаев, Б. Жақсыбайұлы, Н. Жолдасов, А.Сүлейменов, Қ.  Аймұрзаев, Э.Набиев,  Абутов, Ахметов, А. Қарабалаев, А.  Жақсыбек, Камбилль, Ж. Ходжамов, Р. Ахимбеков,  Қалымбетовтер  халықаралық  деңгейде  оқу-жаттығуға қатысты.Сондай-ақ, «Ордабасы» командасының  жас  ойыншысы Әлібек  Арман  қазір шымкенттік   командамен  бірге  іріктеуден  өтуде. 

Сапалы  жұмыс  та  өз  жемісін  береді. Бұл  орайда, 2017  жылы «Қыран»  командасының  дарынды  үш  футболшысы  атап  айтқанда, Шәмші  Самат, Ақжол  Сүлейменов  және Жаһангир Ходжамов  футболдан  Қазақстан  жастар  құрамасына  шақырту  алып  отыр.

Жастарға ұдайы  дұрыс  жолды  көрсетіп, ұжымды  басқарып  отырған  білікті  басшы Талғат  Пошимов   биылғы  футболдан  өтетін  Біріншілікте  шәкірттерінің  биік  белестерді  бағындыратындығын  айтады.  Ал, клубтың  спорт  жөніндегі  директоры Евгений  Шкариннің  айтуынша,  үстіміздегі  жылы  құрылғанына  алты  жыл  толатын  «Қыран»  командасының келешегі  кемелді.  Бұл  ретте,  жылдар  бойы  еткен  еңбектің  де   өлшемі  бар. Қазақстанның  премьер  лига командалары  арасындағы  Оңтүстіктің «Ордабасы»  командасына  кәсіби жас   футболшыларды  тәрбиелеуді биыл  да  шымкенттік  команда  басты  мақсат  етіп  отыр.

Футбол-  тек  таланттыларды  танытады.  Қырандықтардың  екінші  құрамы   облыс  орталығындағы  «Ұлан»  стадионында  алғашқы  жаттығу  жиындарын  өткізді. Шымкенттіктер Талдықорғанның «Жетісу»  футболшыларымен  жолдастық  кездесу  өткізіп, алғашқы  кезеңде 1:0  есебімен  жеңіске  жетсе,  қарымта   матчта 0:0 есебімен  тең  тарқасты.

Осылайша,  бас  бапкер Бақыт  Кушеновтің  шәкірттері  биылғы  футбол  маусымында  өз  жанкүйерлерін  жеңіспен  қуантамыз  деп   жоспарлап отыр.   

«Қыран»  командасының  баспасөз  қызметі

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3827 )