РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарКешегі күнді еске түсіру: Алексей Клишин

19 Қаңтар 2017, 17:03

Үлкен футболда Қарағанды қаласының тумасы, ЦСКА-ның және республикалық спортинтернатының түлегі алматылық «Олимпия» командасынан алғаш рет көрінді. 1992 жылы Кентау қаласына көшіп, «Арман» командасымен келісім-шартқа отырды. Сол жылы Клишин 31 ойын өткізіп, 11 рет доп соға алды. Жас футболшы үшін ол өте жақсы көрсеткіш. Сөйтіп, тәуелсіз Қазақстанның алғаш чемпионанынан кейін Клишин алматылық «Достық» клубына кетеді. Ойынның бірінде латвиялық «Сконто» командасының өкілдеріне көзге түсіп, олардан ұсыныс алады. Жарты жыл ойланып, Латвияға көшеді. 

- Латвияның чемпионаты біздікінен артық деп айта алмаймын, - деді қазақстандық ойыншы. – Елімізде Масудов пен Огай секілді шеберлер доп теуіп жүрді. Латвиялық ойыншылар болса, ойын деңгейілері әлдеқайда төмен. Бірақ Пахарь, Блейделис, Штолцерс сияқты жас ойыншылар болған екен. «Сконто» командасында Александр Старковпен жұмыс істедім. Осы маман маған қатты ұнады. Кейін ол мәскеулік «Спартак» командасын жаттықтырды. 

«Сконто» сапында Латвияның чемпионы және ел Кубогының жеңімпазы болса да, осы командада өзін бақытты күйінде сезбеді. Сондықтан Эстонияға көшіп, «Таллина Саддам» командасында өнер көрсетті. Командалық серіктестердің арасында - «Қайраттың» болашақ ойыншысы Марк Швец пен Эстония құрамасының қақпасышы Сергей Парейко.

1996 жылы Құрбан Бердыев оны Ақтауға шақырып, Клишин «Мұнайшы» командасында ойнаған. Өзін жақсы жағынан көрсете білді. Содан кейін біраз алматылық «Қайраттың» намысын қорғап, Павлодарға аттанады. 

- «Ертіс» мен үшін туған командадай, - деп Клишин өзінің мансабын еске түсіреді. – Павлодар да маған қатты ұнайды. Осы қалаға ата-анам көш аударып, жұбайымды да Кереку жерінде таптым. «Ертісте» маған Леонид Назаренкомен бірге жұмыс істеуге қызық болды. Тактикалық суретті өзі әр ойынның алдында таңдайтын. Айтпақшы, сол командада Мендеспен ойнап, жас Смақовты кездестірдім.

Павлодарлықтар сапында Клишин Азияның Чемпиондар Лигасында сәтті өнер көрсетті. «Ертіс» 2000 жылдардың басында осы турнирде жартылай финалға дейін жолдама алды. 2000 жылы Алексей Петропавлда ойнап, «Аксесс-Голден Грейн» командасына ел чемпионатының медальдарына қол жеткізуіне көмектесті. 

2002 жылы Клишин астаналық «Жеңістің» сапында ойнап, Чемпиондар Лигасында өзін көрсете алды. Молдавиялық «Шерифке» қарсы қарымта ойында жартылай қорғаушы бір доп соқты. Бірақ 3:0 есебінен кейін өз қақпаларына екі гол жіберіп, келесі айналымға шыға алмады.

Оған қоса, Клишин қарағандылық «Шахтердың», өскемендік «Востоктың» және петропавлдық «Есіл-Богатырьдың» сапында біраз ойнады. Футболмен ойыншы 2008 жылы «Мегаспорт» сапында қош айтысты. 

Ұлттық құрама сапында Клишин сегіз ойын өткізіп, төрт гол соққан. Ең маңыздысы – бірінші добы. Оны Ирак қақпасына алғашқы ойында әдемі стильде соқты.

Бапкерлік мансабын қарастырсақ, осы салада да біраз жетістіктерге жетті. Мысалы, оның қоластында ойнаған қаскелендік «Сұңқар» командасының қосалқы құрамы ел біріншілігінде қола жүлделерге ие болды. Көкшетауда бас бапкер ретінде Премьер-Лигада жұмыс істеді. Сонымен қатар, «Мегаспортта», «Локомотивте» Равиль Рамазанов, Владимир Гулямхайдаров, Сергей Юран секілді бапкерлерге көмектесті. Бірінші Лигада «Ақ Бұлақ», «Жетісу-Сұңқар» командаларда өз бапкерлік талантын тексерді.

Айтпақшы, Алексей Клишин Қазақстан Кубогының тарихында жеңген олжалардың саны бойынша бірінші орында жайғасқан. Ол төрт рет жеңімпаз атанған екен. Алексейді тек Қазақстан Кубогын үш рет жеңген қорғаушылар Александр Киров пен Марк Гурман қуып жете алады. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3818 )