РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Екібастұз» клубының жаңа бас бапкері Андрей Кучерявых туралы ақпарат

17 Қаңтар 2017, 16:19

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы осы маман туралы биографиялық ақпарат береді.

Өз мансабында Кучерявых алаңда көптеген позицияларда өнер көрсетті. Үлкен футболда туған қаласының «Ансат» (қазіргі «Ертіс) клубынан көрінді. Сөйтіп, сегіз жыл бойы Павлодарда өнер көрсетті. Көптеген маңызды голдардың авторы атанды. 1993 жылы алғаш рет Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. 1996 жылы алматылық «Қайрат» клубында ойнады. Келесі маусымды «Ертісте» бастады. 1997 жылы ел чемпионатының екі дүркін чемпионы атанды. Содан кейін Петропавлға көшіп, жергілікті «Есіл-Богатырь» клубында өнер көрсетті. Осы командада Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанды. 2002 жылы туған қаласына оралып, футболдағы соңғы төрт маусымын «Ертісте» өткізді. Сол және келесі жылдары павлодарлықтардың тағы екі чемпиондық олжаның иеленуіне өз үлесін қосты. «Ертіс» командасының сапында Чемпиондар Лигасында «Омонияға» қарсы ойнады. Үздік футболшылардың бірі болып танылды.

2005 жылы спорттық мансабан аяқтап, бапкерлік қызметке көшті. «Ертіс» және «Атырау» футбол клубтарының бапкерлік штабтарында жұмыс істеді. Бас бапкер ретінде «Қазақмыс» (Сәтбаев) және «Бәйтерек» (Астана) командаларын жаттықтырды. Соңғы жылдары «Ертісте» жас ойыншылармен жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап – «Екібастұз» футбол клубының бас бапкері.

 

Биографиялық анықтама: Андрей Кучерявых

1970 жылдың қыркүйектің 24-і күні дүниеге келген.

Ойыншылық мансабы:
1988-1995, 1997-1998, 2002-2005 жж.- «Ертіс» («Трактор», «Ансат») (Павлодар), 1996 ж. - «Қайрат» (Алматы), 1999-2001 жж.- «Аксесс-Голден Грейн» («Аксесс-Есіл») (Петропавл).

Жетістіктер:
Қазақстан чемпионы: 1993, 1997, 2002, 2003 жж.; Қазақстан Кубогының иегері: 1996-97, 1997-98 жж.;

Барлығы чемпионаттарда (КСРО және Қазақстан) 481 ойын өткізіп, 39 гол соққан. Қазақстан құрама командасында 7 ойын өткізіп, 1 гол соқты.

Бапкерлік мансабы:
2006-2007 жж. - «Ертіс» (Павлодар) - бапкер, 2009 ж. - «Атырау» (Атырау) - бапкер, 2010-2011 жж. «Қазақмыс» (Сәтбаев) - бапкер, бас бапкер, 2012-2013 жж. – «Бәйтерек» (Астана) – бас бапкер, 2014-2016 жж.- «Ертіс» (Павлодар) - бапкер, жастар құрамының бас бапкері. 2017 ж. бастап – «Екібастұз» клубының бас бапкері.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3816 )