РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарInstat тұжырымы бойынша Премьер-Лиганың 2016 жылғы үздіктер құрамасы

05 Қаңтар 2017, 17:01

Сараптамада алаңдағы ойыншылардың пастардың дәлдігі,  өткір пастардың саны, доп үшін таласу және тағы да басқа көрсеткіштер қарастырылды. 

Қақпашы – Ненад Эрич («Астана»). Қайтарған соққылардың саны, қарсыластардың шабуылдары кезінде қақпашылардың ойыны, дәл тиген пастардың саны және басқа да көрсеткіштері қарастырылды. Қазақстанның үш дүркін чемпионы осы маусымда 30 ойынға қатысып, өз қақпасына 21 гол жіберген екен. Барлығы Эрич 79 рет соққыларды қайтара алған және 29 сэйв жасады. Қақпадан шыққан кезде де Эрич сәтті ойнаған - әрекеттердің 95 пайызы сәттілікпен аяқталған. Пастардың дәлдігі 81 пайызды құрайды.

Оң қапталдағы қорғаушы – Абзал Бейсебеков («Астана»). Абзал өткен маусымда 22 матч (1 662 минут) өткізді. Қарсыластар қақпасына 6 соққы бағыттады, солардың біреуі дәл тиді. Ережені Бейсебеков 25 рет бұзды, ал оған қарсы 21 рет. Пастардың дәлдігі - 79 пайыз. Алаңдағы 16 жекпе-жектің ішінде қорғаушы 10 рет жеңімпаз болып шығады.

Оң жақтағы орталық қорғаушы – Марин Аничич («Астана»). Босниялық қорғаушы 27 ойын өткізіп (2 513 минут), үш гол және бір нәтижелік пастың авторы атанды. Қарсыластар қақпасына 13 соққы жасады (жетеуі дәл). 25 рет ереже бұзды, оған қарсы – 22 рет бұзылды. Бір ойында Аничич 59 дәл пас береді. 14 жекпе-жектің ішінде 10 рет жеңіске жетеді.

Сол қапталдағы қорғаушы – Юрий Логвиненко («Астана»). Юрий чемпионатта 25 матч өткізді. Оның қоржынында екі гол және бір дәрежелік пас. Қарсыластар қақпасын Логвиненко жиі шабуылдады – 21 соққы. Пастардың дәлдігі – 87 пайыз. Бір ойында Юрий орташа 13 рет доп үшін күресте жеңімпаз атанады.

Сол қапталдағы қорғаушы – Дмитрий Шомко («Астана»). 2016 жылы Премьер-Лигада 29 ойын өткізді (2 686 минут), бір гол және сегіз нәтижелік пастың авторы атанды. Орташа бір ойында Дмитрий клубтастарына 56 дәлдік пас береді екен. Алаңдағы жекпе-жектерде 16 мүмкіндіктің ішінде 10 рет жеңеді.

Орталық жартылай қорғаушы – Рохер Каньяс («Астана»). Колумбиялық футболшы туралы айтатын болсақ, чемпионатта 31 ойын өткізген (барлығы - 2 897 минут), бір доп және бір нәтижелік пастың авторы атанды. Осы ойындарды Каньяс қарсыластар қақпасына 26 соққы бағыттады, олардың тоғызы дәл тиді. «Астана» ойыншысы 40 рет ереже бұзса, оған қарсы 48 фол жасалды. Орташа бір ойынды алғанда, Каньяс клубтастарына 68 рет пас береді, олардың алпысы дәл тиеді. 90 минутта жартылай қорғаушы доп үшін 16 жекпе-жек өткізсе, олардың 11-де жеңіске жетеді.

Оң қапталдағы жартылай қорғаушы – Исаэль («Қайрат»). Бразилиялық ойыншы 29 матч өткізіп (2 425 минут), 7 гол және соншама нәтижелік пастардың авторы атанды. 2016 жылы Премьер-Лига аясында шыққан футболшылардың арасында Исаэль ең көп соққы бағыттады – 96. Солардың 26-сы қақпаға дәл тиді. «Қайрат» ойыншысы алаңда 33 рет ереже бұзса, қарсыластар оны фолдың арқасында 49 рет тоқтата алды. Бір матч ішінде Исаэль 32 дәл пас береді екен (46 мүмкіндіктен). Доп үшін оң қапталдағы жартылай қорғаушы 26 рет талас жүргізсе, соның 12-де жеңіске жетеді.

Сол қапталдағы жартылай қорғаушы – Андрей Аршавин («Қайрат»). Ресей құрама командасының бұрынғы ойыншысы 28 ойын өткізіп, 8 доптың және 7 нәтижелік пастың авторы атанды. Маусым ішінде Аршавин 53 соққы жасап, олардың 16-сын дәл бағыттады. Ережені Андрей сирек бұзды – 23 рет, оған қарсы 34 фол жасалды. 44 пастың 35-сі дәл тиеді. Доп үшін күресті қарастырсақ, 16 жекпе-жекте 8 рет жеңімпаз атанады. 

Шабуылдайтын жартылай қорғаушы – Бауыржан Исламхан («Қайрат»). 2016 жылы Премьер-Лигада 31 матч өткізіп (2 788 минут), 17 голдың авторы атанды. Оған қоса, серіктестеріне 9 нәтижелік пас берді. Барлығы 85 соққы жасап, олардың қырығы қарсыластар қақпасына дәл тиді. Бауыржанға қарсы ереже жиірек бұзылды – 42 – оның 28-не қарсы. 90 минутта өткізетін доп үшін 18 күрестің тура жартысында жеңімпаз болып шықты.

Шабуылшы – Жерар Гоу («Қайрат»). Ивуарлық футболшы 29 ойында 22 доп соғып, 5 нәтижелік пастың авторы атанды. Барлығы қарсыластар қақпасына 96 соққы бағыттады. Пастардың дәлдігі 70 пайызды құрайды.

Шабуылшы – Джордже Деспотович («Астана»). Премьер-Лигада 31 матч өткізді. Сербиялық шабуылшының қоржынында 8 доп және 3 дәрежелік пас. Өткен маусымда Деспотович қарсыластар қақпасына 86 соққы бағыттады. Пастардың дәлдігі 76 пайызды құрайды. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3809 )