РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарВаит Талгаев «Таразға» бапкер ретінде төртінші рет келді

04 Қаңтар 2017, 17:39

Кеңес Одағының еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның ең үздік бапкерлерінің бірі саналады. Футболшы ретінде КСРО- чемпионатының жоғарғы дивизионында ойнаған. Сонымен қатар, Алматының «Қайрат» клубының да намысын қорғады.

Жаттықтырушы ретінде әр жылдары қазақстандық «Ертіс», «Жетісу», «Қайсар» клубтарының бас бапкері болды. Тіпті, Грозныйдың атақты «Терек» командасын жаттықтырып, сол құраммен Ресей кубогін де жеңіп алған. Вайт Талгаев қай команданы жаттықтырса да, өзінің асқан біліктілігімен есте қалды. Және ол жаттықтырған командалар жоғарғы орындардан көрінді.

Ваит Талгаевтың есімі «Тараз» футбол жанкүйерлеріне де жақсы таныс. Ол 1990-1992- жылдары жамбылдық «Химик» командасын жаттықтырса, 1996- жылы Талгаевтың бапкерлігімен «Тараз» командасы алғаш рет Қазақстан чемпионы болды. 2010-2011 жылдардағы футбол маусымында тағы да «Тараз» командасын жаттықтырды.

Одан кейінгі кезеңде Шешенстан елінде еңбек еткен. Міне, сәтін салып Ваит Талгаев енді 2017- жылғы футбол маусымында «Тараз» командасын жаттықтыратын болды. Бүгін «Тараз» футбол клубының президенті Махамбет Ахметұлы атақты бапкерді жаңа ұжымымен таныстырды.

«Тараз» ФК

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3808 )