РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарРохер Каньяс Instat тұжырымы бойынша Премьер-Лиганың үздік жартылай қорғаушысы атанды

21 Желтоқсан 2016, 11:58

Бүгін біз ең үздік бес жартылай қорғаушылардың ойынын қарастырамыз. Статистикалық компанияның сараптамалық деректеріне сүйініп, осы позицияның ең мықты ойыншысы ретінде астаналық Рохер Каньяс аталды. Сараптамада пастардың дәлдігі,  өткір пастардың саны, доп үшін таласу және тағы да басқа көрсеткіштер қарастырылды. Колумбиялық футболшы туралы айтатын болсақ, чемпионатта 31 ойын өткізген (барлығы - 2 897 минут), бір доп және бір нәтижелік пастың авторы атанды. Осы ойындарды Каньяс қарсыластар қақпасына 26 соққы бағыттады, олардың тоғызы дәл тиді. «Астана» ойыншысы 40 рет ереже бұзса, оған қарсы 48 фол жасалды. Орташа бір ойынды алғанда, Каньяс клубтастарына 68 рет пас береді, олардың алпысы дәл тиеді. 90 минутта жартылай қорғаушы доп үшін 16 жекпе-жек өткізсе, олардың 11-де жеңіске жетеді.

Екінші орынға «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан иеленді. 2016 жылы Премьер-Лигада 31 ойын өткізіп (2 788 минут), 17 голдың авторы атанды. Оған қоса, серіктестеріне 9 нәтижелік пас берді. Барлығы 85 соққы жасап, олардың қырығы қарсыластар қақпасына дәл тиді. Бауыржанға қарсы ереже жиірек бұзылды – 42 – оның 28-не қарсы. 90 минутта өткізетін доп үшін 18 күрестің тура жартысында жеңімпаз болып шықты.

Үштікке тағы Исламханның клубтасы Исаэль кірді. Бразилиялық ойыншы 29 матч өткізіп (2 425 минут), 7 гол және соншама нәтижелік пастардың авторы атанды. 2016 жылы Премьер-Лига аясында шыққан футболшылардың арасында Исаэль ең көп соққы бағыттады – 96. Солардың 26-сы қақпаға дәл тиді. «Қайрат» ойыншысы алаңда 33 рет ереже бұзса, қарсыластар оны фолдың арқасында 49 рет тоқтата алды. Бір матч ішінде Исаэль 32 дәл пас береді екен (46 мүмкіндіктен). Доп үшін оң қапталдағы жартылай қорғаушы 26 рет талас жүргізсе, соның 12-де жеңіске жетеді.

Төртінші орынға «Астана» клубының ойыншысы Патрик Твумаси иеленді. Ганалық футболшының есепшотында 5 соғылған доп және 8 нәтижелік пас (28 ойын, 2 223 минут). Соққылардың саны – 91, 33-і дәл тиген. Ережені Твумаси жиі бұзды – 45 фол, қарсыластарда – 40. Орташа бір ойында 46 пас береді, 32-сі дәл тиеді. Алаңдағы жекпе-жектерде Патрик сирек жеңіске жетеді – 21-ден не бары сегіз рет.

Бесінші орынға Андрей Аршавин («Қайрат») табан тіреді. Ресей құрама командасының бұрынғы ойыншысы 28 ойын өткізіп, 8 доптың және 7 нәтижелік пастың авторы атанды. Маусым ішінде Аршавин 53 соққы жасап, олардың 16-сын дәл бағыттады. Ережені Андрей сирек бұзды – 23, оған қарсы 34 рет фол жасалды. 44 пастың 35-сі дәл тиеді. Доп үшін күресті қарастырсақ, 16 жекпе-жекте 8 рет жеңімпаз атанады. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3802 )