РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАндрей Карпович – 2016 жылғы Бірінші Лиганың үздік ойыншысы

05 Желтоқсан 2016, 12:20

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Бірінші Лиганың үздік ойыншысын анықтау үшін дауыс берудің қорытындысын жасады.

Осы сауалнамаға Екінші Лига клубтарының басшылары, бапкерлері және капитандары қатысты. 

Дауыс беру кезінде жауап беруші үш фамилияны атауға мүмкіндік алды. Аталған бірінші ойыншы үш ұпайға иеленсе, екіншісі – екі ұпайға, ал үшіншісі – бір ұпайға иеленді. 

Сөйтіп, «Бірінші Лиганың 2016 жылғы үздік ойыншысы» атағына Андрей Карпович иеленді. Оның қоржынында 26 ұпай (4 – бірінші орын, 5 - екінші орын және 4 - үшінші орын). Екінші орынға «Алтайдың» тағы бір ойыншысы Алексей Шакин иеленді (5-3-2). Үштікке «Қайсардың» көшбасшысы Руслан Сақалбаев та енді (4-5-2). (Кім-кімге дауыс берді)

 

«Бірінші Лиганың үздік бапкері» атағына қызылорладық «Қайсардың» жаттықтырушысы Сұлтан Әбілдаев иеленді – 59 ұпай (14-7-3). Екінші орында – петропавлдық «Қызыл-Жар СК» клубының бапкері Владимир Фомичев – 34 ұпай (5-8-3). Үшінші орынға «Алтай» командасының бұрынғы жаттықтырушысы Сергей Тимофеев – 25 ұпай (3-7-2). (Кім-кімге дауыс берді)

Маусымның үздік жас ойыншысы ретінде ақтаулық «Каспийдің» жартылай қорғаушысы Бекзат Қабылан аталды – 39 ұпай (10-3-3). Екінші орыннан 12 ұпаймен «Қайсардың» қорғаушысы Сергей Кейлер көрінді (2-2-2). Үшінші орынға шымкенттік «Қыранның» футболшысы Самат Шәмші иеленді – 9 ұпай (3-0-0). (Кім-кімге дауыс берді)

22 үздік ойыншылар тізімі:

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3791 )