ЖаңалықтарKrasava – Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының 2017 жылғы ресми добы
02 Желтоқсан 2016, 09:59

Екінші жыл қатар ҚКФЛ Adidas компаниясының өнімін таңдайды. Өткен маусымда Премьер-Лига клубтары, Бірінші және Екінші лигаларға қатысушылар Евро-2016 турнирінің ресми добы Beau Jeu-мен ойнаған.
Енді Krasava 2017 жылғы Конфедерация Кубогының ресми құралы ғана емес, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өткізетін жарыстардың ресми добы да саналады.