РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАлтай Таразды жеңіп, Премьер-Лигаға жолдама алды

05 Қараша 2016, 16:00

Бірінші таймда «Алтай» ойыншылары шабуылда сәтті ойнады. Төртінші минутта Бірінші Лиганың ең үздік сұрмергені Алексей Шакин Сергей Шаффтың пасын пайдаланып, Короткевичтің қақпасына алғашқы голын соқты. Содан кейін шығысқазақстандықтар тағы да бірнеше мүмкіндіктерін жіберді. Бірінші таймның соңында «Тараз» қорғаушысы Йоан Мера тәртіп бұзып, өз қақпасына пенальти алып келді. «Алтайдың» екінші бомбардирі Сергей Шафф өз мүмкіндігін жібермеді – 2:0.

Екінші таймда да «Тараз» ойыншылары Вячеслав Котляр қорғаған қақпасына бір де бір гол соға алмады. Оған қоса, 51-ші минутта Еркебұлан Нұрғалиев есепті 3:0-ге жеткізді.

Сөйтіп, «Алтай» командасы келесі маусымда Премьер-Лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Ал «Тараз» ойыншылары Бірінші Лигаға түседі. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3764 )