РУС ҚАЗ
Екінші лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарКүміс алқа иесін тапты

27 Қазан 2016, 22:19

Қостанайлық жастарға күміс медальды Павел Демян тақты. Ол - Қазақстан футбол тарихындағы ең нәтижелі футболшылардың бірі. Қазір ҚКФЛ спорттық директоры қызметін атқарады. 


Алғашқы құттықтау сөз "Тобол" ФК спорттық директоры Константин Гальченкоға берілді: 


- Қоржынға күміс медаль салдық. Менің ойымша, команда бұған лайық болды. Бұлар біздің негізгі команданың іргетасы деп айтар едім. Жігіттер алдағы кәсіби футболдағы өмірде тек қана сәттілік тілеймін деді.
Мұнан соң сахнаға "Тобол" ФК тізгінін ұстаған Омари Тетрадзе көтерілді. Ол: 


- Біздің жастар жанкүйерлерді қуанта білді. Оларға алдағы уақытта да осындай биіктерді бағындыруларын тілеймін. Бүгінгі күміс - еңбектің нәтижесі. Жігіттерге Қазақстанның ғана емес, Еуропаның жасыл алаңдарында доп тебулерін тілеймін. Бас бапкердің еңбегін айтпай кетуге болмас. Соның арқасында біздің жанкүйерлеріміз осындай қуанышқа жетіп отыр, - деді. 


Сондай-ақ, негізгі құраманың капитаны Нұрбол Жұмасқалиев өзінің командаластарының атынан құттықтап, жастарға сәттілік тіледі. 


ҚКФЛ спорттық директоры Павел Демян өз сөзінде: 


- Бүгінгі алып отырған жүлделеріңіз - алдағы жеңісті күннің бастауы ғана. Сіздер үлгі алатын қаншама шеберлер отыр. Нұрболды алайық, Олег Лотов та отыр, Тимур Оразов қандай ойыншы болды... Міне, осыларға қарап бой түзеңіздер. Қалғаны өз қолдарыңызда, - деді. 

Осыдан кейін Павел Демян ойыншылар мен бапкерлік топқа көптен күткен күміс медальдарды тақты. 


Жастардың бапкері Олег Лотов клуб басшылығы мен қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын жеткізді.

«Тобол» ФК баспасөз қызметі

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3747 )