РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Жерар Гоуды марапаттады

14 Сәуір 2016, 10:23

Ивуарлық ойыншыны Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымның үздік футболшысы ретінде атады. Соған қоса, Гоу 22 доп соғып, чемпионаттың үздік сұрмергені атағын иеленді.

«Маусымның үздік ойыншысы» және «Үздік сұрмерген» сыйлықтарын Жерар Гоу Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраевтың қолынан алды.

ҚКФЛ-дың президенті тағы Алматының Орталық стадионында өткен жөндеу жұмыстарының нәтижесін бағалады.

-Естеріңізге сала кетейін, «Қайрат» футбол клубы Лигаға өтініш жасап, стадиондағы жөндеу жұмыстары өтетініне себепті Алматыда бірінші ойынды мүмкіндігінше кейінірек өткізуді сұрады. Мұны бекер істеген жоқпыз. Стадионда үлкен жұмыс атқарылды. Қазір жаңа алаң жоғары сапалы күйінде. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін осы стадионда жанкүйерлер және журналистер үшін барлық жағдайлар жасалған. Прожекторлардың жұмысының сапасын арттыру үшін жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Жақында Алматыға УЕФА-ның комиссиясы келіп, өз бағасын бермек. Осындай реконструкциядан кейін стадион жоғары деңгейлі мачтарды қабылдайтынына мен сенімдімін. Осы жылы «Қайрат» еурокубоктарда еліміздің намысын қорғайды, сондықтан клубқа тек қана сәттілік және Еуропа лигасының топтық кезеңіне жетуін тілеймін, - деді Олжас Абраев.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3539 )