РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Суперкубок
  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ Президенті Олжас Абраевтың vesti.kz порталына берген сұхбаты

03 Сәуір 2016, 22:38
Бұрындары Лига «Жетісумен» үйде өтетін матчтар күнін ауыстырудан бас тартқанын еске саламыз. Осы шешімді ҚФФ да қолдаған болатын. Жауап ретінде «Ақтөбе» ресми хабарлама жасады.
- «Ақтөбеге қарсы акт. ҚКФЛ-ның заңсыз және негізсіз шешімі». Олжас Шакенович, «Ақтөбе» клубының Қазақстан чемпионаты кезіндегі талдықорғандық «Жетісумен» кездесу күнін ауыстырудан бас тартуға байланысты осы клубтың ресми хабарламасы туралы түсініктеме беріңізші.
- Лига «Ақтөбенің» екі бірінші үйде өтетін матчтарын – «Тараз» және «Жетісу» командаларына қарсы кездесулерін қарсылас алаңдарына аудару туралы сұрауын қарастырғанынан бастайық. Лиганың ұстанымы бірден айтылған болатын: егер қарсыластар «Ақтөбені» негізгі стадиондарда қарсы алатын болса, сол жағдайда ғана ауыстыру мүмкін болады. «Тараз» матчты «Центральный» стадионында өткізгендіктен, біз бірінші матчты ауыстырдық. «Жетісу» туралы айтатын болсақ, талдықорғандықтар негізгі стадионда қонақтарды қарсы алуға әлі дайын емес, сондықтан «Ақтөбемен» кездесу тек қосымша алаңда өткізіле алады.
 
Енді осы жағдайды басқа тараптан қарастырайық. «Ақтөбе» қосымша алаңда ойнайды, «Жетісу» қосымша алаңда ойнайды. «Ақтөбенің» қосымша алаңының сыйымдылығы – үш мың көрермен, ал «Жетісудың» қосымша алаңының сыйымдылығы – тек бір жарым мыңдай адам ғана.
 
Біз жауап бердік – ол үзілді-кесілді шешім болған жоқ. «Егер ауысқыларың келсе, біз келісеміз, бірақ «Жетісу» негізгі алаңда ойнауға дайын болуы тиіс. Қазір екі клуб та бірдей жағдайда екені шықты – екі клубтың да қосымша алаңдарында жасанды жабынды, бірақ Ақтөбеде осы кездесуге үш мың адам келе алса, Талдықорғанда тек бір жарым мың адам ғана келе алады. Ауыстырудың әділ себептерін көріп тұрған жоқпыз.
 
«Жетісу» қосымша алаңда қонақтарды қарсы ала алатын болса, неге «Ақтөбе» оны қарсы ала алмайды. Ойынды бір қосымша алаңнан басқа қосымша алаңға ауыстырудың, оған қоса, сыйымдылығы аз болатын алаңға ауыстырудың мәні неде? «Таразбен» болған жағдай мүлде басқа болды – олар кездесуді негізгі алаңда өткізе алды, сондықтан осындай ауыстырудың мәні бар.
Біздің түбегейлі ұстанымызды айтып берейін: командалар максимум бойынша ойындарды негізгі алаңдарда өткізулері тиіс. Егер қазіргідей жағдай бірдей болса, онда біз ойынды ауыстыру жөнсіз деп ойлаймыз. Ал ҚКФЛ «Ақтөбені» үйдегі матчты Астанада өткізуге мәжбүрледі деген соңғы хабарламалар мен кейбір БАҚ-дағы ақпарат шындыққа сай келмейді. Бұл клубтың өз қалауы болды. «Ақтөбенің» дайындалатындай уақыты болды, күнтізбе бәріне де ертерек берілген еді, чемпионаттың күнтізбелік күніне орай өзінің қосымша алаңын дайындауға уақыт болды.
- «Ақтөбенің» негізгі алаңы Қазақстан чемпионатының бірінші бөліміне ешқашан да дайын болмайтыны бізге мәлім.
- Иә, ақтөбеліктер әрқашан да үйдегі матчтардың бес-алтауын қосымша алаңда өткізетін болатын. Осы маусымда бұл мәселе неге соншалықты түбегейлі болды? Қазіргінің өзінде Лига шектеулер қойған жоқ қой – сертификация департаменті қосымша алаңды Қазақстан чемпионатының ойындарына дайын деп шешсе, қаласаңдар, қосымша алаңда ойнауларың болады. Қазір болса, олар бұл қауіпті алаң, қандай да бір сапаларға сай келмейді деп айтып отыр. Бұл тіпті күлкінішті.
 
Біріншіден, «Ақтөбе» ФК- ның өзі сертификация департаментінде осы стадионды қосымша алаң ретінде ұсынған болатын. Екіншіден, осы стадионда қосымша құрам өз ойындарын өткізеді. Олай болса, күні бойы жаттығатын қосымша құрам және балалар үшін бұл алаң қауіпсіз, ал негізгі құрам үшін қауіпті болғаны ма? Бұл абсурд қой.
 
Матчты «Ақтөбенің» қосымша стадионында өткізуді қаламау – бұл клубтың бас директорының орынсыз тілегі ғана.
 
«Ақтөбеге қарсы акт» дегенді есту күлкінішті. Иә, Дмитрий Пантелеевич (Васильев) екі клуб бір-бірімен келісіп, Лигаға тиісті сұраумен шыққанын айтады. Алайда, біз бұл сұрақты Талдықорғанға қойған болатынбыз, онда «Ақтөбе» бізге көмектесу үшін осындай сұраумен келгені айтылды. Талдықорғандықтар осы сұраудан бас тартпауды шешті.
- Яғни, «Жетісудың» ерекше қызығушылығы болмағаны ма?
- Жоқ, «Жетісуда» осы матчты үйде қабылдаудың ерекше талпыныстары болған жоқ. Оларға Ақтөбеге бару ма, әлде осы матчты Талдықорғанда қарсы алу ма – бәрібір болды. Яғни, «Жетісу» тек Дмитрий Пантелеевичтің сұрауын қолдаған болатын. Оған қоса, соңғысы осы клубтың бұрыңғы директоры ғой. Сонымен бірге, «Жетісу» «Ақтөбені» тек қосымша алаңға қатысты ғана қолдауға дайын болды. Қазір «Ақтөбе» көптеген себептер іздеп, жан-жақтың бәрін кінәлайды. Менің ойымша, клубтың өзі қосымша алаңды дайындау бойынша тиісті жұмысын өткізбей, «Жетісумен» қосымша алаң туралы мәселені де шеше алмады. Ал, бәріне Лига кінәлі болып шықты.
 
Қандай да бір матчты ауыстыру туралы шешімдерін ҚКФЛ қабылдайды. Клубтар өздері қалаған жерде ойнайды деп Регламентте айтылмаған. Негіздеген сұраумен жүгінуге болады. Алайда, Васильев мырзаның қалағанынан басқа, «Ақтөбе» - «Жетісу» ойынын Талдықорғанға ауыстырудың пайдасы туралы бірде-бір негізді дәлел айтылған жоқ.
 
Дмитрий Пантелеевич бізге сотқа арыз жазады деп уәде берген еді – әрине, біз дайынбыз. Әлдеқашан ешқандай арыз түскен жоқ. Қандай шығындарды біз өтеуіміз керектігі де түсініксіз. Лига «Ақтөбеге» ойынды ауыстыруға тыйым салу туралы бір ай бұрын айтқан едік, директор осы мәселені шешуді ұзартқаны - өзінің қиыншылықтары. Осыдан жанкүйерлер азап шегетіндері өкінішті.
 
Қор: vesti.kz
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3527 )