РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЖамал Бозова: «Байқоңырдың» алдында жоғары мақсат тұр»

23 Ақпан 2016, 11:53
Кезекте – қызылордалық «Байқоңыр» клубы. Оның директоры Жамал Бозова біздің сұрақтарымызға қуана-қуана жауап берді.
 
- Жамал Қыпшақбайқызы, жаңа маусымға дайындық қалай өтуде? Қай клубтармен бақылау ойындарын өткіздіңдер?
- Бәрі де жоспар бойынша. Жақында команда екінші ОЖЖ-дан оралды. Ол жиын Оңтүстік Қазақстан облысында өтті. Барлық жоспарланған жұмыс орындалды. Командамыз екі рет Шымкенттың «Ордабасы» клубының қосалқы құрамымен кездесті. Бірінші матч 3:1 есебімен қарсыластардың пайдасына, ал келесі ойын 2:1 есебімен біздің пайдасына аяқталды. Содан кейін «Алтайға» 2:3 есебімен жол беріп, «Мақтааралды» 1:0 жеңдік.
 
- Үшінші жиын қайда өтпек?
- Ол жақында белгілі болады. Біз қаражатымызға тиімді ең қолайлы шешімді таңдаймыз.
 
- Командадан кім кетті? Жаңадан келген футболшылар бар ма?
- Командамыздың 80 пайызы қалыптастырылған. Жаңадан келген ойыншылар жайлы әлі айту ерте.
 
- Легионерлер командада бола ма?
- Жоқ, легионерлер келмейді. Себебі «Байқоңыр» командасының ашылуының басты мақсаты – жергілікті футболшылардың ойнауы. Тіпті Қазақстанның басқа облыстарынан ойыншылар да болмайды.
 
- Облыстың басты командасы – «Қайсар». Алдағы болашақта командаңыздан кімдер «қасқырлар» сапында өнерін көрсете алады?
- Талантты футболшылар аз емес. Мысалы, жартылай қорғаушылар Асхат Қарабек пен Руслан Дүйсенбаев, қорғаушылар Медет Төлегенұлы және Абылайхан Төлегенов және тағы да басқалар. Бізді Бірінші лиганың ең жас командасы да атауға болады. Ең үлкен ойыншымыз 24-ке де толмады, ең жас ойыншымыз – 18-де. «Байқоңырдың» орташа жасы не бары 20 ғана.
 
- Клубыңыз әлі жас. Жанкүйерлердің қолдауын сезесіз бе?
- Әрине! Екінші лигада ойнағанда, Қызылорда қаласының тұрғындары бізді әрқашанда қолдады. Ойындарымызға облыстың барлық аймақтарынан жанкүйерлер келді. Осындай қарым-қатынас бізге шабыт сыйлайды. Жанкүйерлердің бізді жаңа маусымда да қолдайтынына мен сенімдімін!
 
- Айтпақшы, алдағы маусымда қандай мақсатыңыз тұр?
- «Байқоңыр» клубының ашылуының басты мақсаты – жергілікті футболшыларға кәсіпқой футболда өнер көрсетуіне мүмкіндік беру. Бірақ біз де күшімізді аямай, күресеміз! Тағы да командамызды облыс басшылығы толық қолдайтынын қосқым келеді. Біз оларға шексіз ризамыз.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3482 )