РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарКонстантин Котов: «Чемпиондар лигасында бапкер ретінде қатысуды армандаймын»

25 Ақпан 2016, 11:39
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтының сұхбатында Котов 90-шы және 2000-шы жылдардындағы футболы жайлы айтып берді.
 
- Константин Владимирұлы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы чемпионаты есіңізде ме?
- Әрине. Мен ол кезде жас ойыншы болдым. Туған қаламның намысын «Мұнайшы» сапында қорғадым. Мені бапкерлер әуелі ойынның қалған он бес минутына алаңға жіберді. Чемпионаттың екінші айналымында толық екінші таймда ойнадым.
 
- Қай позицияда өнер көрсеттіңіз?
- Оң қапталдағы жартылай қорғаушысы болдым. Сол қапталда да ойнадым, бірақ сол аяғымен онша мықты ойнай алмадым. Ол үшін жаттығуда көп еңбек еттім. Жалақыны мерзімінде берген жоқ, бірақ біз үшін ол маңызды болмады. Ойыншыларға клуб басшылары «әуелі нәтиже көрсетіңдер» деді. Содан кейін демеушіміз пайда болды. Жалақымыз да көтерілді.
 
 
- Содан кейін Сіз Махачкалаға кеттіңіз.
«Мұнайшы» клубында сол жерлерден адам жұмыс істеді. Ол маған Махачкалада өнер көрсетуге ұсыныс жасады. Сол кезде клубтың жағдайы нашар болды, сондықтан мені басшылар тегін жіберді. Әуелі «Динамода» өнер көрсеттім, ал содан кейін команданы үшінші лигаға жіберді. Мені және тағы да төрт ойыншыны «Анжи» тартып алды. Маусымды сол команданың сапында аяқтадым. Сосын «Динамо» басшылары менің өнерімді жалғастыруымның екі ңұсқасын ұсынды. Соның біреуі – Қазақстанға оралу. Солай мен тағы да «Мұнайшы» сапында пайда болдым.
 
- Команданы Құрбан Бердыев жаттықтырды ма?
- Жоқ. Алдымен Станислав Каминский жұмыс істеді, ал содан кейін клуб басшылығы Бердыевты шақырды. Ол кезде біз чемпионаттың үздік бес команданың қатарында жүргенбіз. Команда сапында Иван Яремчук пен Василий Қаратаев секілді ойыншылар өнерін көрсетті. Бердыев болса, бізге 4-4-2 жүйесін ойынымызға еңгізді. 
 
 
- Сол жылдары Бердыев ТМД үздік бапкерлерінің қатарында болады деп сене алар едіңіз бе?
Ондайды ойлаған да жоқпыз, бірақ Бердыевпен бірге жұмыс істеу біз үшін өте қызықты болды. Көптеген жаңа нәрселерге үйрендік. Ол команда өмірінің барлық сұрақтарын бақылап жүрді.
 
- 1996 жылы командаңыз Президент Кубогында да ойнады. Сол турнирде «Фейеноорд», «Сарагоса» және «Флуминенсе» секілді командалар да қатысты.
- Ондай мықты командалармен өз күшін салыстыру өте қызық болды. Біз үшін сол матчтар – үлкен мектеп. Мені командамыздың үздік ойыншысы ретінде таңдады. Бірақ қарсыластарымыз қазақстандықтардан ешкімді сосын байқауға да шақырмады.
 
 
- Сіз «Жеңіс» пен «Тобыл» сапында да өнерін көрсеттіңіз.
- Иә. Астаналықтар сапында Нидергаус, Востросаблин, Заруцкий секілді футболшылар ойнады. Ойыннан командамыз үлкен рахат алды. Арсен Тлехугов қарсыластар қақпасына 30 доп соқты. Мен үшін командаластарымызға нәтижелік пас беру өте маңызды болды. Егер біздің ойыншымыз сол пастан кейін доп соқса, мен мәз болдым. «Тобыл» сапында Интертото Кубогында ойнадық, жоғары нәтижелерге жеттік. Әсіресе Польшадағы бірінші ойыннан кейін өз күшімізге сендік.
 
- Қазір Сіз «Астана» клубының жас ойыншыларын жаттықтырасыз.
- Иә. Әрдайым білім алуға тырысамын. Мысалы, Ыстамбұлға «Фенербахче» және «Бешікташ» клубтарының жұмысын көруге бардым. Жас ойыншыларға барлық жағдайлар жасалған. Қазіргі футболшылар үшін ол өте маңызды. Онсыз жоғары нәтижелерге жете алмаймыз. Менің арманым – Чемпиондар лигасында бапкер ретінде қатысу. Сол үшін бар күшімді саламын. Әр адамның өз арманы болуы керек қой. Менің футболдағы мақсатым осындай.
 
Ербол Каиров

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3480 )