РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарСуперкубок үшін ойындар қалай өтті?

19 Ақпан 2016, 18:43

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі Суперкубок үшін матчтардың тарихы туралы баяндап береді.

Суперкубок үшін ойын алғашқы рет 1995 жылы өтті. Алматының Орталық стадионында  1994 жылғы чемпионаттың жеңімпазы «Елімай (Семей) сол жылғы Кубоктың иегері Өскеменнің «Востогымен» кездесті. Сол ойында семейліктер 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдардың авторлары – Андрей Мирошниченко және Борис Глушков.

Суперкубок турнирінде ең көп рет жеңіске жеткен - «Ақтөбе» клубы. Батыс қазақстандықтар үш рет қарсыластастарға мүмкіндік бермеді.

Бірінші рет «Ақтөбе» 2008 жылы қостанайлық «Тобылды» 2:0 есебімен жеңді. Қос доптың авторы – Сергей Струков.

Тобыл — Ақтөбе 0:2 (0:1)
Голдар: Струков 14 (0:1), Струков 88 (0:2)
Сары қағаздар: Димитров 20, Тарасенко 27, Нұрғалиев 86 — Косолапов 19, Бадло 48, Митрофанов 53, Головской 55
Тобыл (Қостанай): Багинский, Мұқанов, Тарасенко, Димитров, Нурдаулетов, Скорых, Балтиев, Юрин (Голбан 46), Әубакіров (Нургалиев 46), Жұмасқалиев, А.Ал. Петухов (Яковлев 75)
Ақтөбе (Ақтөбе): Дехканов, Бадло, Митрофанов (Логвиненко 90), Кенжисариев, Косолапов, Смаков, Асанбаев, Хайруллин (Пушкарев 90), Ырысметов (Богомолов 65), Струков, Головской
Төрешілер: Салий (Усть-Каменогорск), Самойлов (Кокшетау), Жаппасбаев (Кызылорда)
2 наурыз 2008 жыл, Алматы қаласы. «Центральный». 12 000 көрермен.

 

2009 жылы Суперкубок үшін ойын өткізілген жоқ, себебі «Ақтөбе» чемпионатты да, Кубокты да өзіне бағындырды.

Келесі жылы «Ақтөбе» Қазақстан чемпионы ретінде Кубоктың жеңімпазы «Атыраумен» кездесті. Струковтың және Аверченконың соққылары «Ақтөбеге» жеңіс сыйлады.

Ақтөбе — Атырау 2:0 (1:0)
Голдар: Струков 42 (1:0), Аверченко 80 (2:0)
Сары қағаздар: Седельников 17
Ақтөбе: Сидельников, Логвиненко, Смақов (к), Досмагамбетов (Серикжанов 89), Бадло, Кенжисариев, Аверченко, Дарабаев, Эссомба (Тлешев 46), Головской, Струков (Байжанов 90)
Атырау: Шабанов, Жұмабаев (Чуреев 87), Воротников, Шумейко, Алиев, Седельников, Коструб, Мамонов (Ларин 84), Зунунов, Пейкришвили, Татишев (Шакин 64)
Төрешілер: Дузмамбетов (Өскемен), Попов, Суюнов (екеуі де — Павлодар), Бобров (Караганда)
14 наурыз 2010 жыл, Астана. «Астана Арена». 8 000 көрермен.

 

2011 жылдың көктемінде Астанада «Локомотив» (қазіргі «Астана») өзінің бірінші Суперкубогын жеңіп алды. Ол үшін астаналықтар ел чемпионы – Қостанайдың «Тобылын» 2:1 есебімен ұтты. Қос голдың авторы – Молдова құрамасының шабуылшысы Игорь Бугаев, қазір «Тобыл» сапында өнер көрсетуде.  

Тобыл - Локомотив  1:2 (0:1)
Голдар: Бугаев 15 (0:1), Кислицын 54 (1:1), Бугаев 60 –пенальтиден (1:2) Сары қағаздар: Кучера 60, Богданов 62, Азовский 65, Щептицький 85
Тобыл: Петухов, Кислицын (Шептицький 72), Кучера, Лотов (к), Овшинов, Юрин, Волков, Богданов, Куантаев, Сливич (Костюк 46), Гридин
Локомотив: Белкин, Нурдаулетов, Рожков, Гурман, Киров, Шомко (Даутов 85), Карпович (К) (Шахметов 41), Азовский, Жумаскалиев, Баговац (Конысбаев 68), Бугаев
Төрешілер: Айдын Рахимбаев (Алматы), Василий Бондар (Караганда), Серик Жаппасбаев (Кызылорда)
2 наурыз 2011 жыл,  Астана «Астана-Арена». 4 100 көрермен.

 

2012 жылдың 6 наурызы «Ордабасы» клубы үшін қуанышты сәттердің бірі, себебі Суперкубокты команда капитаны Қайрат Әшірбеков Қазақстанның Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алды. Сол Әшірбеков «Шахтердың» қақпасына жеңісті голды соқты.

Шахтер - Ордабасы 0:1 (0:0) 
Гол: Әшірбеков 58 
Сары қағаздар: Порываев 54, Василевич 60, Каньяс 84 — Арури 53, Трайкович 86 
Шахтер: Мокин, Киров, Василевич, Джидич, Парываев, Вичюс, Кукеев, Боровский (Лунин 64), Байжанов (Каньяс 69), Хижниченко (Досманбетов 81), Финонченко 
Ордабасы: Бекбаев, Б. Қожабаев, Мвесигва, Ирисметов, Трайкович, Арури, Карпович, Әшірбеков, Касьянов, Пахолюк (Гуйе 81), Тәжімбетов (Бейсенов 90)
Төрешілер: Руслан Дузмамбетов (Өскемен), Андрей Попов, Рустам Суюнов (екеуі де - Павлодар)
6 марта 2012 жыл,  Астана. "Астана Арена". 12 000 көрермен

 

Келесі жылы «Астана Арена» стадионы «Шахтер» үшін сәтті болды. «Кеншілер» 3:2 есебімен «Астананы» жеңді. Жеңісті голды Жамбыл Көкеев 117-ші минутта соқты.

Шахтер-Астана 3:2 (0:0)
Голы: Байжанов 55 (1:0), Порываев 60 (2:0), Кетевоама 64 (2:1), Остапенко 90 (2:2), Кукеев 117 (3:2)
Сары қағаздар: Каньяс 67, Малый 104, Порываев 111 — Нусербаев 120 
«Шахтер»: Мокин, Симчевич, Малый, Василевич, Порываев, Лунин, Каньяс, Байжанов, Кукеев (Семлер 118), Тажимбетов (Хижниченко 77), Финонченко (Вичюс 82) 
«Астана»: Эрич, Нұрдәулетов, Зелао, Бейсебеков, Дмитренко, Қонысбаев (Кояшевич 61), Коробкин, Киров, Кетевоама (Цыгырлаш 83), Остапенко, Ивановски (Нусербаев 63) 
Төрешілер: Игорь Хисамутдинов (Павлодар), Андрей Попов, Рустам Суюнов (екеуі де — Павлодар)
3 наурыз 2013 жыл, Астана. «Астана-Арена». 11 200 көрермен.   

 

2014 жылы «Ақтөбе» үшінші рет Суперкубокты бағындырды. «Шахтермен» болған ойында не бары бір ғана гол соғылды. Жеңісті Батыс қазақстандықтарға жаңадан келген ойыншы Данило Неко Александр Гейнрихтың пасынан соқты.

Ақтөбе-Шахтер 1:0 (0:0)
Гол: Неко 68 (1:0)
Сары қағаздар: Логвиненко 32, Конысбаев 58 — Симчевич 38
Ақтөбе: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Мирошниченко, Хайруллин, Неко (Тагыберген 90), Арзуманян, Коробкин, Логвиненко, Гейнрих (Шабалин 89), Кападзе (Пизелли 72)
Шахтер: Мокин, Симчевич, Малый, Василевич, Порываев, Конысбаев, Байжанов, Фернандес (Саломов 83), Финонченко, Муртазаев (Лунин 77), Топчагич (Мурзоев 70)
Төрешілер: Руслан Дузмамбетов (Усть-Каменогорск), Сергей Васютин, Самат Тергеусизов (оба — Алматы)
9 наурыз 2014 жыл,  Астана. «Астана-Арена». 14 000 көрермен.   

 

Қазіргі күнге Суперкубок үшін ойында ел чемпионы «Астана» және Кубоктың жеңімпазы «Қайрат» кездесті. Ойын өте тартысты өтті, бірақ ешкім гол соға алған жоқ. Матч аяқталысымен командалар пенальти ұруға кірісті. Солай 3:2 есебімен үй иесі «Астана» жеңді.

Астана-Қайрат 0:0 қосымша уақыт - 0:0, пен. 3:2
Пенальти: Дарабаев (қақпашы) — 0:0, Шомко (қақпадан тыс) — 0:0, Маркович (қақпашы) — 0:0, Аничич — 1:0, Риера — 1:1, Каньяс — 2:1, Плиев (керме) — 2:1, Конысбаев (қақпашы) — 2:1, Рудосельский — 2:2, Кетевоама (керме) — 2:2, Калинин (қақпашы) — 2:2, Бейсебеков — 3:2
Сары қағаз: Аничич 87
Астана: Эрич, Максимович, Постников, Родионов (Жуков 65), Кетевоама, Аничич, Каньяс, Шомко, Твумаси (Щеткин 98), Бейсебеков, Джолчиев (Конысбаев 71)
Қайрат: Плотников, Қуантаев, Рудосельский, Маркович, Плиев, Гурман, Бакаев, Исаэль (Дарабаев 80), Исламхан (Калинин 97), Риера, Гоу (Сисей 80)
Төрешілер: Йонас Эрикссон, Даниэль Вернмарк, Даниэль Густавссон (барлығы да – Швеция)
1 наурыз 2015 жыл, Астана. «Астана Арена».  20 000 көрермен.  

Наурыздың 8-і күні Суперкубок үшін ойынында «Астана» мен «Қайрат» қайтадан кездеседі.  Ойын тартысты өтеді деген болжам бар.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3476 )