РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарМейіржан Есенғараев: «Биылғы маусымда «Мақтаарал» жоғары орындарды бағындыруға тырысады»

05 Ақпан 2016, 11:14

Бүгін біздің сұрақтарымызға «Мақтаарал» клубының президенті Мейіржан Есенғараев қуана-қуана жауап берді.

- Мейіржан Үсенұлы, жаңа маусымға дайындық қалай өтуде?

- Қазіргі уақытта біз екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Біріншісі қаңтар айында үш апта бойы өтті. Бапкерлер бірнеше жас ойыншыларды қарастырды. Тағы да басқа клубтардан тәжірибелі футболшылар байқауда болды. Екінші жиынға да көптеген ойыншыларды шақырып, 2-ші ақпан күні жаттығуларды бастадық.

- Шетелде оқу-жаттығу жиынын өткізесіз бе?

- Оның керегі жоқ деп ойлаймын. Біздің аймақта футболшылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Ауа райы да жылы. Мысалы, қазір термометр 15 градус жылыны көрсетеді. Осындай температура жаттығулар үшін өте қолайлы. Шетелге бару үшін де өте көп ақша керек.

- Бақылау матчтарын өткізесіз бе?

- Осы жиында 3-4 ойын өткіземіз. Ол үшін көрші тұрған Шымкентке барамыз. Ақпан айында осы қалада әдетте көптеген командалар оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Мысалы, Бірінші лигадан немесе Премьер-лиганың қосалқы командалары. Менің білуімше, қазір Шымкеннте «Жетысу» клубының жас ойыншылары, «Байқоңыр» және «Алтай» командалары оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

- Командадан кеткен футболшылардың есімін атай аласыз ба?

- «Мақтааралдан» әзірше алты футболшы кетті. Қалғандары клубтың сапында жаттығуларын жалғастыруда.

- БАҚ-та сіздің клубыңыз Сабырхан Ыбыраев пен Айдар Арғымбаевпен келісім-шартқа отырды деген мәлімет шықты. Тағы кім «Мақтааралға» келді?

- Иә, шынымен де осы тәжірибелі ойыншылар біздің клубқа келді. Олардың бізге көмек көрсететініне мен сенімдімін. Олардан басқа тағы да ойыншылар байқауда жүр. Кейін бапкерлер олардың болашағы туралы шешімін қабылдайды. 

- Өткен маусымда «Мақтаарал» турнирлік кестеде өз орнын ортада тапқаны белгілі. Ал келер маусымда алдыңызда қандай мақсат тұрады?

- Енді біз өткендегі нәтижелерімізді нығайтуымыз керекпіз. Турнирлік кестеде жоғары орындарды бағындыруға тырысамыз. Аймақ басшылары футболды тым жақсы көретіні соншалықты, бізге өз көмегін аямайды. Сондықтан «Мақтааралдан» жоғары нәтиже күтеді.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3468 )