РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ президенті ҚФФ Атқару Комитетіні Бюросының шешімдері туралы айтқан сөзі

02 Ақпан 2016, 18:44
Премьер-лига күнтізбесі жайлы:
 
- Күнтізбені құрғанда, оның барлық командалар үшін ғана емес, жанкүйерлерге де ыңғайлы болуын талап еттік. Егер сіз мұқият қарасаңыз, 32 турдың ішінде тек 3-і ғана жұмыс күндеріне келеді. Қалғандарының барлығы не мереке күндері, не демалыс күндеріне келеді. 
 
Бірінші турлар жайлы айтсақ, біз ерте көктемде ойнайтын клубтардың мүмкіндіктерін зерттедік. "Тараз" мен "Ордабасы" чемпионатты үйде бастайды және Талдықорғанда да жоғары сапалы қосалқы алаң бар екенін ұмытпауымыз қажет. Астанада жабық "Астана Арена" стадионы бар, Енді кейбіреулерін "Ертіс" пен "Тобылдың" чемпионатты үйде бастағаны таң қалдырады, бірақ осы қалаларда жылу жүйесі қосылған алаңдары бар екен. Атырау, Орал және Теміртауда ("Шахтер" әдетте осы қалада өнерін бастайды) осындай жүйе жоқ.
 
Алматының Орталық стадионында жөндеу жұмыстары өтеді, сондықтан алматылықтар өздері чемпионаттың екі турын сыртта бастауын өтінді. Бірақ қонақта ең артығы тек 2 турын өткізе алатыны белгілі, сондықтан кейін осы мәселені міндетті түрде шешеміз. 
 
Көкшетаулық "Оқжетпестің" де мәселелері бар, себебі осы қаланың стадионы наурыз айында өтетін матчтарға дайын болмайды. Осы жылы да олар "Астана Арена" стадионында чемпионатты бастамақ. 
 
 
Екінші лига жайлы:
 
- Экономикалық дағдарыс кезінде Премьер-лига командалары қосалқы құрамдардан бас тартуға мәжбүр болды. Сондықтан қосалқы құрамдар арасындағы чемпионаттың орнына Екінші лига жарысы өтеді. Осы чемпионатта 22 тур өтеді. Өткен жылмен салыстырғанда, 10 ойынға кем болады. Жеңімпаз команда 2017 жылы Бірінші лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Ал Бірінші лигада соңғы орынды алған команда Екінші лигаға түседі.
 
 
Бірінші лига жайлы:
 
- Осы турнирде қатысушылардың құрамы, күнтізбесі сұрағы әлі ашық. Алдағы уақытта осы мәселелерді шешу үшін барлық клубтардың басшыларын жинаймыз.
 
 
Регламенттердің басқа да өзгерістері жайлы:
 
Ең басты өзгеріс - Премьер-лиганың бірінші кезеңінен кейін ұпайлардың санын екіге бөлуден бас тарту. Осы шешімді Атқару Комитетінің Бюросы бекітті. Келесі жылда да Премьер-лигада 12 клуб ойнайды. "Қайсардың" орнына "Ақжайық" еліміздің басты дивизионында өнер көрсетеді.
 
Қосалқы құрамда енді 7 ойыншының орнына 9 ойыншы болады. Кейбір елдерде қосалқы құрамда 12 футболшы отырады. 
 
Трансферлік кезеңнен тыс ойыншыларды өтінімге қосымша еңгізуге болады, бірақ тек айқын жағдайларда. Оларды Қазақстанда ғана ойнайтын футболшылардың санынан еңгізу қажет.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3465 )