РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚайсар Бекенов: «Астана» алдымен Максимович секілді болашағы зор ойыншыларды іздеуде»

21 Қаңтар 2016, 15:50

-Қайсар Рауфұлы, астаналық жанкүйерлердің сүйіктісі Фокси командадан кетті. «Астана» оған жаңа келісім-шартқа отыруға ұсыныс жасады ма?

- Осыны жасыру қиынға шығады, себебі, ойыншы өзінің кеткені туралы сұхбатты да беруге үлгерді. Фокси біз үшін өте маңызды футболшыларының бірі болған, бірақ өткен маусымда әр-түрлі себептердің арқасында жиі қосалқы құрамда отырды. Маусым біткенде бапкерлер клуб басшылығымен кездесіп, Фоксидің «Астанадағы» болашағы туралы көп сөйлесті. Осы жайғасымда өнер көрсететін басқа да мықты футболшыны алуға келісімге келдік. Бірақ оның деңгейі жоғарырақ болуы міндетті.

- Хорватиялық ойыншы Дражен Багаричті шақырудың себебі де сол шығар?

- Осы футболшы – біз қарастыратын футболшылардың бірі. «Астана» басқа да ойыншыларды командада көргісі келеді, бірақ олармен бірге келісімге келе алмадық. Бірақ алда әлі күтпеген трансферлер болуы де мүмкін. «Астана» алдымен Максимович секілді болашағы зор ойыншыларды іздестіруде.

- Шетелдік газеттер Максимович пен Твумасидің басқа клубтартардан ұсыныстары бар деп жиі жазады.

- Көптеген футболшыларға ұсыныс жасаған клубтар саны жеткілікті. Оның себебі -  «Астананың» өткен маусымда жеткен жоғары нәтижесі. Әр жағдайды бір-бірлеп қарастытарын боламыз.

-  Елдос Ахметов, Жақып Қожамберды және Игорь Пикалкин басқа клубтардың сапында дайындық жүргізуде. Осы ойыншылар енді «Астанада» өнер көрсетпей ме?

- Аталған футболшылардың «Астанадағы» ойын тәжірибесі жеткіліксіз болды, сондықтан басқа клубтарға кетуге құқығы бар. Олар әлі жас, сондықтан біздің клубымызға оралуы де мүмкін.

- Бауыржан Жолшиев өткен жылдағыдай тағы да Еуропада клуб іздеуде. «Астана» оны жібермеуге тырыса ма?

- Оның клубпен келісім-шарты аяқталды, сондықтан Бауыржан өз-өзіне ие. «Астана» оған клубта қалуға мүмкіндік береді.

- Енді қақпашыларға тоқталсақ. Владимир Логиновский «Тобыл» сапында жүр. БАҚ болса, Стас Покатиловтың «Астанаға» келуі мүмкін, деп жазып жатыр.

- Дәл қазір біздің негізгі қақпашымыз – Ненад Эрич. Логиновскийді де жақсы түсінеміз. Ол жас қақпашы емес, тәжірибелі, сондықтан Владимир үшін ең бастысы – ойнау. Бізде тағы Михаил Голубничий бар. Өткен маусымда ол өз өнерін жоғары деңгейде көрсетті. Енді Покатилов жайлы. Интернете көптеген ақпарат шығуда. Егер біз ресми түрде кез-келген футболшымен келісім-шартқа отырсақ, осы ақпарат клуб сайтында міндетті түрде шығады.

- Ұлттық құрамада өнер көрсететін футболшылар – Сергей Малый және Марк Гурман «Астана» сапында жүр. Олар клубта қала ма?

- Олардың болашағы бас бапкерге тиген әсеріне байланысты. Әзірше Стойлов, менің білуімше, оларға риза. Бірақ олардың «Астанада» қалуы туралы әңгімені жүргізу әлі ерте.

- Соңғы сұрақ. Қалай ойлайсыз, «Астана» келесі маусымда өз нәтижесіне тағы да жете ала ма?

 - Өткен жылы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу мақсатын қойғанда, бізге көбі күлімсірей қарайтын. Енді басқаша болады, себебі қарсыластарымыз «Астанаға» байыппен қарайды. Осы табысқа жетіп, алға тағы да қадам басуға тырысамыз. Сол қадамды қалай жасайтынын бапкерлеріміз біледі.

Ербол Каиров 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3449 )