РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚанат Шертаев: «Тараздың» басты мақсаты - үздікті алты командалардың қатарына кіру»

12 Қаңтар 2016, 13:46

- Қанат Мұхаметжанұлы, БАҚ-та "Таразды" Нұрмат Мырзабаев енді жаттықтырады деп жазылған. Бұл рас па?

- Шынымен, Нұрмат Мырзабаев ресми түрде команданың бас бапкері ретінде тағайындалған. Бірнеше күннен кейін баспасөз конференциясын ұйымдастырып, журналистерге осы ақпаратты ресми түрде береміз. 

- "Тараздың" дайындық жоспары белгілі болды ма? 

- Айдың соңына дейін команда Таразда жаттығу жиынын өткізеді. 30-шы қаңтардан бастап, 28-ға дейін Түркияда, Анталия шипажайында дайындықты жүргізеді. Сол оқу-жаттығу жиынына жаңа футболшылар да келеді. Чемпионаттың басталуы белгілі болғаннан кейін, ары қарай қалай дайындықты өткізетінін көреміз. Егер ауа-райы қолайлы болса, онда Таразда қаламыз. Суық болса, Шымкентке барамыз. 

- Жаңа футболшылармен келісім-шартқа қол қойдыңыз ба?

- Тек қана келісім-жарт жайлы сөйлестік. Ресми түрде бізде жаңадан келген ойыншылар жоқ.

- Клубтан кім кетті?

- Ресми түрде "Тараздан" бас бапкер Яровенко Евгений Викторович, оның көмекшісі Яровенко Владимир Викторович, қақпашылар бапкері Чистяков Алексей Викторович кетті. Ойыншылар туралы айта қалсақ, жаңа маусымда командада Олександр Яровенко, Дмитро Башлай, Денис Васильев, Тимур Досмагамбетов, Евгений Аверченко және Джурахон Бабаханов өнер көрсетпейді. 

- "Тараз" алдында қандай мақсат тұр?

- Тараздың» басты мақсаты - үздікті алты команданың қатарына кіру. Не болмаса, 7-8 орынға иелену.

- Мырзабаев мырзаны неге бас бапкер ретінде таңдадыңыз?

- Өйткені ол - Тараз футболының түлегі. Көптеген мықты командаларда өнер көрсеткен. Ұлтттық құраманың капитаны да болған. Талгаев, Огай, Петрович, Пайперс, Яровенко секілді бапкерлермен бірге жұмыс істеген. 

- Нұрмат Мырзабаевқа енді кім көмектесетін болады?

- Оған Тараз футболының аңыздары Ерлан Елеусінов және Азамат Ниязымбетов көмектеспек..

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3441 )