ЖаңалықтарҚазақстан клубтары жаңа футбол маусымына дайындық жүргізуде

«Астана» демалыстан қаңтардың 10-ы күні шығады. Сол уақытта астаналықтар Біріккен Араб Әмірлігі еліне бармақ. Сол жиында ел чемпиондары бірнеше бақылау ойындарын өткізеді.
«Қайрат» футбол клубы үш оқу-жаттығу жиынын жоспарлады. Соның біріншісі қаңтардың 9 күні басталмақ. Осы жиынды қайраттықтар Алматыда, жаңа базасында өткізеді. Қаңтардың ортасында алматылықтар Түркияға аттанып, сонда өзінің екінші оқу-жаттығу жиынын өткізбек.
«Ақтөбе» өз бірінші шетелдік оқу-жаттығу жиынын қаңтардың 9 күні, Түркияда бастайды. Осы жиын айдың соңына дейін созылмақ.
«Ордабасы» бірінші шетелдік оқу-жаттығу жиынын Түркиядағы Анталия курортында бастайды. Жаттығулар қаңтардың 9-нан бастап, 30-на дейін өтеді.
«Атырау» Түркияға қаңтардың 12-і күні аттанып, айдың 28-не дейін оқу-жаттығу жиынын өткізбек.
«Ертістің» бірінші оқу-жаттығу жиыны да қаңтардың 8 күні Түркияда басталады. Босфор жағалауында павлодарлықтар екі аптадан астам болады.
«Тобыл» да қаңтардың 8-і күні Түркияға ұшпақ. Осы елде қостанайлықтар 22-не дейін жаттығулар өткізеді.
«Оқжетпес» БАӘ мемлекетінде өзінің бірінші шетелдік жиынын бастайды. Ол қаңтардың 10-ы күні басталып, айдың 24-не дейін созылады.
«Тараз» футбол клубы әлі өз жоспарлары туралы жариялаған жоқ. Алдағы уақытта тараздықтар оқу-жаттығу жиыны туралы ресми түрде мәлімет бермек.
«Шахтер» бірінші жаттығу жиынын облыс ішінде өткізеді. Ол жиын Сәтбаев қаласында айдың 21-не дейін созылады.
«Жетісу» БАӘ мемлекетінде өзінің екінші жиынын қаңтар айының 12-де бастайды. Жиын ақпан айының біріне дейін созылмақ. Бұдан бұрын талдықорғандықтар туған қаласында жаттығулар өткізді.
«Ақжайық» Түркия еліне қаңтардың 5-де ұшты. Белекте команда 21-не дейін оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Бейне
КПЛ-2020. 22 тур. «Жетысу» - «Каспий».
КПЛ-2020. 22 тур. «Тараз» - «Кайрат».
КПЛ-2020. 22 тур. «Окжетпес» - «Ордабасы».
КПЛ-2020. 22 тур. «Кызыл-Жар» - «Астана».
КПЛ-2020. 22 тур. «Шахтёр» - «Тобол».
КПЛ-2020. 21 тур. «Тобол» - «Тараз».
КПЛ-2020. 21 тур. «Кайсар» - «Кызыл-Жар».
КПЛ-2020. 21 тур. «Каспий» - «Шахтёр».
КПЛ-2020. 21 тур. «Жетысу» - «Астана».
КПЛ-2020. 20 тур. «Окжетпес» - «Тобол».