РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ жұмыс тобының отырысы өтті

21 Желтоқсан 2015, 21:17

7 желтоқсанда өткен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелерінің жиналысында ҚКФЛ-дың жұмыс тобын құру шешімі қабылданды. Осы топ Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының және Қазақстан футбол федерациясының регламент құжаттарына өзгеріс туралы ұсыныстарды қарастырады.

Жұмыс тобының отырысында футбол клубтарының өкілдері, ҚКФЛ басшылығы, ҚФФ балалар және жасөспірімдер футбол департаментының директоры Сергей Кенетаев, ҚФФ бұқаралық футбол департаментының директоры Асқар Әбілдаев және «Ақжайық» футбол клубының бас бапкері Талғат Байсұфинов қатысты.

Отырыс барысында Премьер-лига клубтарының қосалқы құрам арасындағы жарыстың, Премьер-лига чемпионатының пішімі туралы сұрақтар қарастырылды. Тағы отырыста жиналғандар чемпионат күнтізбесі  жайлы талқылап, регламент құжаттарына өзгеріс туралы ұсыныстарды қарастырды.

Жұмыс тобы отырсының қорытындысы жақында болатын ҚКФЛ мүшелерінің Бірыңғай жиналысында жарияланады.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3429 )