РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарСергей Пак: «Қосалқы құрам біріншілігінде жас ойыншылар сапалы футбол көрсетуде»

27 Қараша 2015, 15:29

 Оның командасы ҚКФЛ Кубогының финалында алматылық «Қайратты» 1:0 есебімен жеңді. Пакқа қосалқы құрамының бас бапкерлері ең көп дауыс берді.

- Бұл жеңіс мен үшін өте қуанышты, - деді жеңімпаз ҚКФЛ ресми сайтына. – Әріптестердің қолдауы, әрине, қымбат, бірақ бұл тек қана менің жеңісім ғана емес, клуб басшыларының, бапкерлердің, клуб жұмысшыларының. ойыншылардың және жанкүйерлердің де тер төккен жұмысы. Жамбыл облысы әрқашанда талантты ойыншыларға бай еді. Осы аймақтан шығатын футболшылардың алаңда деген мінезі мықты. Бұны менің ойыншыларым туралы да айтуға болады. Менің ойымша, «Тараздың» қосалқы құрамы ҚКФЛ Кубогын еңбегіне лайық жеңді.

- Сергей Александрұлы, осы ойыншылардың арасында Яровенко, Исламхан, Тілешев,  Қонысбаев секілді болашақ жулдыздарды көресіз бе?

- Көптеген ойыншыларда болашақта жоғары деңгейде ойнауға қабілетін көріп тұрмын. Олар көп жұмыс істейді. Осы футболшыларды кішкентай кезінен білемін. Олардың бейстандарт ойлау қабілеті бар. Біреуді бөлу – менің ережем емес. Ең бастысы – жаттығуларда көп жұмыс істеу, тоқталмау.

- «Тараз» ойыншылары неге чемпионатта тек қана жетінші орынға иеленді?

- Біріншіден, негізгі құрамының ойыншыларына өз рахметімді айтамын. Олар бізге көп комек көрсетті. Сіздің сұрағыңызға орай, біз чемпионатта бұдан да жоғары нәтижеге иелене алар едік, бірақ осы жаста футболшылар бірқалыпты жақсы ойнай алмайды. Дегенмен, өз кінәмді де ұмытпаймын, өйткені жеңіліс кезінде жауапты тек бапкер ғана.

- Қай қарсылас командасы сізге ұнап, әсерін тигізді?

- Жақсы командалар, әдемі футбол көрсетеніндер көп. Мысалы, «Атыраудың» қосалқы құрамы өте ұнады. Олар чемпионатты да жеңді. Тағы «Қайрат» пен «Тобыл» командалары керемет ойын көрсетті. Жарыс деңгейі туралы айтатын болсақ, мен қосалқы құрама чемпионатында тек қана екінші жыл жұмыс істеймін. Ойыншылар өз деңгейін көтеруде, бірақ, тағы да қайталаймын, осы жасында футболшылар әзірше бірқалыпты жақсы ойнай алмайды. 


Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 3406 )