РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарӘділ футбол: Қазақстан футбол федерациясы мен Қаржы полициясы «келісілген ойындармен» бірге күреседі

24 Сәуір 2014, 13:05
Аталмыш Меморандумға сәйкес екі тарап Қазақстан Республикасының аумағындағы Кәсіпқой футбол лигасының аясында өтетін футбол ойындарының немесе додалардың «алдын ала келісілуіне» және ойындардың «сатып алынуына» жол бермеу, сондай-ақ онымен күрес жөнінде келісімге келді.  
 
Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурманның айтуынша, мұндай серіктестік келісілген ойындар мәселесін құқықтық деңгейде шешуге мүмкіндік береді: «Келісілген ойындармен күрес жүргізу мақсатында Қазақстан футбол федерациясының басшылығы Қаржы полициясымен келісімге келіп отыр. Ұлттық футболда орын алып қалуы мүмкін келісілген ойындармен заң аясында күресуіміз керек. Мұндай келеңсіз жағдайларды шешу, шара қабылдау және алдын алу тұрғысына байланысты мәселелерде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілеттілігі зор».
 
(Анықтама үшін: 2014 жылдың 27 наурызында УЕФА-ның Астанада өткен ХХХVII Конгрессінде ұйымға мүше елдердің барлығы да бірауыздан келісілген ойындарға қарсы күреске байланысты қарарға дауыс берді). 
 
Бүгін Серіктестік Меморандумына Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының Бірінші орынбасары Андрей Лукин мен Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман қол қойды.
 
Тараптар бұл серіктестіктің  нәтижесінде ұлттық футболдағы құқық бұзушылық мәселесі шешімін тауып, келісілген ойындардың тамырына балта шабылатынына сенім білдірді. Ол үшін тараптар мұндай жайттармен өзара бірлесіп күресулері керек екені аталып өтілді. Сондай-ақ, серіктестік аясында бірлескен профилактикалық шаралар ұйымдастырып тұруға, ақпарат алмасып отыруға, осы тұрғыдағы заңдық базаны жетілдіруге, оқу семинарларын өткізіп тұруға және өздерінің құзіреттері аясында халықаралық ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.
 
Атап айтсақ, Меморандумға сәйкес, «келісілген ойындар» деп мына жағдайлар аталады:
- Ойын нәтижесіне әсер ету мақсатында футболшыларды, төрешілерді, жаттықтырушыларды, командалардың жетекшілерін, команданың басқа да мүшелерін немесе кәсіби футбол матчын ұйымдастырушыларды сатып алу;
- Ойын нәтижесіне әсер ету мақсатында футболшылардың, төрешілердің, жаттықтырушылардың, жетекшілердің, команданың басқа да мүшелерінің немесе футбол матчын ұйымдастырушыларының заңсыз ақша, құнды қағаз сынды басқа да бағалы заттар алуы/ұсынуы. Сондай-ақ, осы мақсатта тараптардың басқа да қызметтерді заңсыз пайдалануы.
Меморандум қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімінде шек жоқ.
 
Ұлттық футболымызда әділдікке және тазалыққа түбегейлі қол жеткізу мақсатында Қазақстан футбол федерациясы жемқорлыққа, сондай-ақ құқық бұзушылыққа қарсы күрес әдістерін әрдайым жетілдіріп отыратын болады.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2764 )