РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Кубогы
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан кубогы бірінші кезеңінің жеребесі тартылды

02 Сәуір 2014, 11:16

Ел кубогының бірінші кезеңіне 22 команда қатысып, 11 жұпты құрайды. Ал өткен жылы жартылай финалға жеткен «Шахтер», «Тараз», «Ертіс», «Астана» және 2013 жылы Премьер-лигада жоғары орыннан көрінген «Астана» бірінші кезеңнен босатылды. Олар доданы бірден 1/8-финалдан бастайды.

Қазақстан кубогының Регламентіне сәйкес, Премьер-лига клубтары бірінші кезеңде Бірінші лиганың командаларымен түзде ойнайды. Яғни, бірінші кезеңде Премьер-лиганың жеті клубы Бірінші лиганың ұжымдарымен кездессе, қалған 4 жұпты Бірінші лиганың командалары құрайды.

Бірінші кезеңнің жеңімпаздары бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады.
Ойындар 23 сәуірде өтеді. Алаң иелері бірінші болып жазылған:

«Жетісу-Сұңқар» - «Қайсар»
«Болат»-АМТ – «Атырау»
«Гефест» - «Жетісу»
«Екібастұз» - «Ордабасы»
«Бәйтерек» - «Тобыл»
«Лашын» - «Спартак»
«Оқжетпес» - «Қайрат»
«Астана»-1964 – «Мақтаарал»
«Каспий» - «Восток»
ЦСКА – «Қызыл-Жар» СК
«Қыран» - «Ақжайық»

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2691 )