РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарПремьер-Лига: Экспортқа бастау!

04 Ақпан 2014, 15:20

Қазақстан Премьер-лигасына келген легионер отырып қалады. Ешқашан Еуропасына қайта алмайды. Ал жергілікті футболшылар мүлдем шетел дегенді білмейді. Иә, осыдан бірнеше жыл бұрын қалың жанкүйердің пікірі жаппай осындай болатын. Дегенмен, соңғы екі жылда Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі өскені соншалық, әлгі жансақ пікірдің қате екені дәлелденуде. Керісінше, Қазақстан Премьер-лигасы Еуропаға жүрер жолдың трамплині болып тұр. Дәлел керек пе? Ендеше әрмен қарай оқыңыз.

Давид Лория «Ертістен» «Ризеспорға»
Қазақстанның ең танымал, әрі шебер қақпашыларының бірі бірінші болып алыс шетелді мойындатуға аттанды. Рас, бұған дейін де Давид Швеция және Ресей чемпионаттарында ойнап қайтқан. Бірақ 2009 жылы елге оралып, содан ұзақ тұрақтап қалды. Сөйтіп жүргенде Түркиядан ұсыныс түсті. Бірінші дивизионның мықты командаларының бірі "Ризеспор" Суперлигаға шығуды көздеп, құрамына Лорияны тартты. Ал Дато бұл мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ. Түркия жасыл алаңдарында жасындай жарқылдап, жергілікті жанкүйерлердің ең сүйікті футболшыларының біріне айналды. Иә, келесі жылы ол Алматының "Қайратымен" келісімшартқа отырды. Дегенмен, Лория Түркиядағы ойындары арқылы қазақстандық футболшылардың Еуропада емін-еркін доп тебе алатынын дәлелдеді.

Самат Смақов «Ақтөбеден» «Ризеспорға»
Тағы бір мысал. Давид Лориядан кейін Қазақстан футболшыларының біліктілігіне көздерін жеткізген "Ризеспор" Премьер-лигамызға көз тігіп, "Ақтөбеде" ойнап жүрген Самат Смақовқа "құда түсті. Самат бапкерлерінің сенінімін ақтады. Командасындағы ең үздік футболшыларының біріне баланды. Тіпті, оны айтасыз, Түркияда Бірінші дивизионда өз қапталының үздік футболшысы атанды. Дегенмен, "Ризеспорды" Суперлигаға шығарғаннан кейін Смақов отбасының қасында болу үшін Алматыға оралды.

Бауыржан Исламхан «Тараздан» «Кубаньға»
Лория мен Смақов бұрыннан келе жатқан шебер футболшылар. Өздері-ақ Еуропаны бағындыра алар еді деп уәж айтарсыз. Иә, келісеміз, екеуі де соңғы онжылдықтың үздіктері. Ал Бауыржан Исламханның "Тараздан" Ресейдің "Кубань" клубына ауысқанын қалай бағалар едіңіз. Исламхан Қазақстан Премьер-лигасы тек шеттен ойыншы шақыратын біріншілік емес, сыртқа таланттарды дайындап беретін чемпионат екенін де көрсетті. Рас, Ресей чемпионаты Бауыржанға әлі бағына қойған жоқ. Дегенмен, болашағы алда. Оған Ресейден "құда түскенінің" өзі Қазақстан біріншілігі үшін үлкен ерлік.

Сергей Хижниченко «Шахтерден» «Коронаға»
Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Шахтер" футбол клубының шабуылшысы Сергей Хижниченконың жарқын ойын өрнегі өз жемісін берді. 22 жасар жас талант жылдан жылға күшейіп келе жатқан Польша чемпионатына аттанды. Әлбетте, Хижниченконың басты көздегені "Корона" емес. Дегенмен, бұл клуб жерлесіміз үшін трамплиннің қызметін атқара алады деп үміттенеміз.

Рохер Каньяс «Шахтерден» "Металлургқа» (Донецк)
Каньястың "Металлург" сапына ауысуы немен аяқталып тынғаны белгілі. Бір бүйрегінің жоқтығынан украиналық клубтың медперсоналы футболшымен келісімшартты бұзғызды. Дегенмен, көптеген диагностикалық тексерулер колумбиялықтың футболға жарамды екендігін, тіпті жоғары деңгейде ойнауға қабілетті екендігін көрсетуде. Алайжа, Каньясқа "Металлургтан" шақырту келгенінің өзі шетелдік футболшылар Қазақстанға келіп, шеберлігін арттырғаннан кейін Еуропаның еңселі клубтарына ауысып кете алатындығын көрсетіп берді. Өйткені, "Шахтерге" келгенде Рохер 21 жастағы әлі "піспеген" футболшы болатын. Екі жыл Қазақстанда доп теуіп, біраз биіктерді бағындырды да, қазір талайдың таңдаулы футболшысына айналды.

Владимир Седельников «Шахтерден» «Денизлиспорға»
Әлбетте, түркиялық клубтың Седельниковты болашаққа бастар жол ретінде шақыртқаны белгілі. Алматы футболының өкілі өз мүмкіндігін мүлт жібермей, жанкүйерлерінің сүйікті футболшысына айналады деп сенеміз. Жалпы, несін жасырайық, шетелдік скауттардың Қазақстанның жас футболшыларына көз тігіп жатқанының өзі біз үшін қуаныш қой.

Иван Перич из «Жетісудан» «Мерсин Идманюрду» клубына
Серб шабуылшысын Қазақстан Премьер-лигасының өнімі деп нық сеніммен айтуға болатын шығар. Ол Қазақстан чемпионатында он жылға жуық өнер көрсетіп, тіпті Қазакқстан азаматтығын да алды. Оның Түркияға жол жүруі өзінің айтуынша Смақов пен Лорияның арқасы екен. Өйткені, Самат пен Давидті түркиялықтар әлі де жылы еске алады.

Патрик Твумаси «Астанадан» «Амкарға»
Қазақстанға ауысып футболшылық карьерасын қалай жасауға болатынын Патрик Твумаси де дәлелдеді. 20 жасар шабуылшы "Астанаға" жазда келіп, 11 ойында 6 гол соқты. Сөйтіп, бірден ресейлік скауттардың назарын өзіне аудартты. Иә, осылайша Қазақстан Премьер-лигасы шетелдік легионерлерге трамплин, өз өрендерімізге жоғарыға баспалдақ бола алатынына уақыт өткен сайын көз жеткізіп келеміз.

P.S.  Бұл тек басы ғана деп сенгіміз келеді. Алдағы уақыттан Қазақстан футболшылары Еуропаның еңселі клубтарына лек-легімен ағылатын болады деген үміттеміз.
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2563 )