РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Астананың» үш футболшысы келісімшартын ұзартты

15 Қаңтар 2014, 16:18

 

Осылайша Марат Шахметов алдағы жылы "Астана" командасындағы өзінің алтыншы маусымын өткізбек. Марат командаға "Астана" енді құрылып жатқанда, яғни 2009 жылы келген. Содан бері клуб сапында 137 ойын өткізіп, 7 гол соққан. Әріптестеріне 8 нәтижелі пас шығарып берген. Естеріңізге сала кетейік, Шахметов "Астана" сапында ең көп ойын өткізген футболшы саналады.
 
Абзал Бейсебеков те "Астанада" 2009 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бірақ екі жылға командадан кетіп қалып, 2012 жылы қайта оралған болатын. Жас қорғаушы елордалық ұжымның жейдесін 64 ойында киіп, 1 гол, алты нәтижелі пастың авторы атанған.
 
Евгений Горячий үшін келесі маусым "Астана" сапындағы үшінші жыл болғалы тұр. Елордалықтар сапында Ел кубогын иеленіп, Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдесіне қол жеткізген.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2517 )