ЖаңалықтарПавел Евтеев — «Востоктың» бас бапкері
13 Қаңтар 2014, 16:37

Өскемен футболының ең әйгілі түлектерінің бірі Павел Евтеев "Восток" футбол клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды "Востоктың" баспасөз қызметіне сүйенген Kaz.tengrinews.kz .
Алдағы маусымда Павел Валерьевичке тағы бір шығыстық Сергей Салий көмектесетін болады. Қазір команда Өскемен қаласының "Восток" стадионында жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 3 ақпанға дейін қалада болатын Павел Евтеев командасы жаттығу жиынын Шымкентте жалғастырып, оңтүстікте ақпанның 25-іне дейін болады. Ол жақта дәстүрлі "Үміткер" турниріне қатысуды жоспарлап отыр.
Өскеменде аз-кем демалатын "Восток" наурыздың 4-і мен 25-і аралығында қайтадан Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді де, бұл жолы "Наурыз" турнирінде бақтарын сынайды.

Тағы жаңалықтар
-
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 12-турының барлық ойындары Қазақстан Республикасының гимінен басталады
-
ҚФФ Атқарушы комитеті ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңінің мерзімін бекітті
-
OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының XII туры Евстафий Пехлеванидидің құрметіне өтеді
-
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XI туры Сергей Гороховодацкийді еске алуға арналады