РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Восток» футбол клубының бюджеті 3 миллион долларды құрайды

10 Қаңтар 2014, 19:13
Өткен жылды "Восток" үшін сәтті болды деп айтуға келмейді. Електік кезеңде Семейдің "Спартагынан" жеңіліп қалған Өскеменнің командасы Премьер-лигадағы орнынан айрылып қалды.
 
— Өткен қателіктерді қайталамау үшін дұрыс қорытынды шығара білуіміз қажет. "Востоктың" жылдық бюджеті 450 миллион теңгені құрайды. Бұл аз ақша емес. Бәрі де экономикалық тұрғыда есептелген. Осы орайда басты көңілді балалар футболына бөлуіміз керек. Бірақ бапкерлердің де жалақыларын қиюға болмайды. Керісінше игі бастамаларын қолдап отыруға тиіспіз, — деді Темірбек Жұмақұлұлы. Ол бапкерлерге дарындарды, болашағынан мол үміт күттіретін жас жеткіншектерді табу үшін қала мектептерімен серіктестік орнатуды ұсынды, дейді қала әкімінің баспасөз қызметі.
 
Өскемендегі балалар-жасөспірімдер футбол орталығы Қазақстандағы ең үздік футбол орталықтардың бірі болып саналады. Орталық базасында жастарына қарай бөлінген он топ жаттығады. Солардың үш тобы, яғни үш командасы өз жастарының арасында ел біріншілігінде жүлдеге ілікті. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясы еліміздегі екі футбол академиясының бірін Өскеменге салу туралы ұсынысты қарастырып жатыр.
 
— Осы бетімізден қайтпай, бұдан әрмен дами беретін болсақ, бес жылдан кейін қазіргі жеткіншектеріміз өздерін толық қырынан паш етеді деп ойлаймын, - деді деп атап өтті Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Владимир Головатюк. 


yk.kz


 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2495 )