ЖаңалықтарФутболдан Қазақстан құрамасының ғаламтор-дүкені ашылды
09 Қаңтар 2014, 16:57

«Алға, Қазақстан!» — Еліміздің жанкүйерлерінің ең әйгілі ұраны. Ал жанкүйерлер біріге келе ұлы күшке айналып, команданың нағыз 12-ші ойыншысы бола алады. Бірақ олардың арасынан нағыз жанкүйерді қалай көреміз, қалай табамыз? Бәрі де оп-оңай! Дүкенімізге кіріңіз де ұлттық құрамамыздың атрибуттарын сатып алыңыз! Қазақстан футболына жанкүйер бол!
Жалпы, бүгінде ғаламтор-дүкендері дамып келеді. Қазір үйден шықпай-ақ қажет қылған затыңды сатып ала аласың. Осыны ескере Қазақстан футбол федерациясы да жанкүйерлеріне арнап, ғаламтор-дүкенін ашты.
Мойын орағыштар, футболкалар мен күрткелер, костюмдер мен басқа да спорттық киімдер — бәрі-бәрін де қолжетімді бағада біздің shop.ffk.kz сайтымыздан таба аласыздар.
Дүкенімізден тауар сатып ал да, ұлттық құраманы қолдау үшін стадионға кел! Алға, Қазақстан!
Тағы жаңалықтар
-
«Каспий» ФК өз алаңындағы келесі екі ойынды көрермендерсіз өткізеді
-
Бірінші Лиганың ХІ турының «Қайрат-Жастар» - «Астана Ж» ойынының өту күні өзгерді
-
Ұлар Жақсыбаев: «Жеке марапаттарға ие болу әрқашан жағымды, бірақ командалық жетістіктер бәрінен де маңызды»
-
Горовенко мен Филиповичқа үздік бапкер және ойыншыға арналған сыйлықтары табысталды