Жаңалықтар16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні – қазақ халқының ғасырлар бойы күткен күні еді. Осы күні еліміз Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, жаңа егеменді мемлекеттің қалыптасуы басталды. Еліміз өзінің болашағын өзі айқындап, өзінің тарихын өзі жасауға мүмкіндік алды.
Қазақ халқы бастарынан өткерген қаншама қиындықтарға қарамастан өздерінің басты құндылықтары – тілін, ділін, дәстүрін, мәдениетін сақтай алып, заманауи жаңа Қазақстанның іргетасы қалана бастады.
Тәуелсізідігіне қол жеткізген Қазақстан Республикасы бүгінде ядролық қарудан бас тартқан, этноаралық және толерантты мемлекеттің теңдессіз үлгісін қалыптастырған беделі зор ел ретінде әлем алдында кеңінен мойындалды. Мұның себебі - қазақ халқының ділі, бай мәдениеті және тағдырдың жазуымен қазақ жеріне қоныс аударған этностардың барлығына құшағын ашқан қонақжайлылығында деп білеміз.
Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын!
Тағы жаңалықтар
-
Бірінші Лиганың ХІ турының «Қайрат-Жастар» - «Астана Ж» ойынының өту күні өзгерді
-
Ұлар Жақсыбаев: «Жеке марапаттарға ие болу әрқашан жағымды, бірақ командалық жетістіктер бәрінен де маңызды»
-
Горовенко мен Филиповичқа үздік бапкер және ойыншыға арналған сыйлықтары табысталды
-
Ерсұлтан Төреқұл Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысы атанды