РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Маккаби» Хайфа — «Шахтер» 2:1

13 Желтоқсан 2013, 10:22
Ойынды алаң иелері белсенді бастады. Дегенмен, шабуылдарын голға айналдыра алған жоқ. Мәселее, Исмаил Райянның орындаған айып добы қақпа бағанасынан сәл қиыс кетті. Қонақтардың қарымта шабуылы да өте қауіпті болды. Бұрыштамадан кейін Андрей Финонченко допты қақпаға тоғыта салмақ болған, қорғаушылар тосқауыл болды. Одан кейін "Маккаби" ойыншысы Шоваль Гозлан айып добынан әуелете асырылған пасты қақпаға баспен бағыттаған, Стас Покатиловтың шеберлігінің арқасында ғана қақпамыз голдан аман қалды. Қарымта шабуылда қонақтар бұрыштама добын орындауға мүмкіндік алған еді. Алайда, Андрей Финонченконың асырған пасына бірінші болып алаң иелерінің қақпашысы Амир Эдри жетті. Артынша кезек Покатиловқа келіп, ол да тағы бір рет шеберлігін көрсетуге мүмкіндік алды. Сөйтіп, ойын алма-кезек шабуылдармен өрбіп жатқан. Кенет қорғаушымыз Евгений Тарасов жарақат алып қалды да, оның орнына колумбиялық легионер Рохер Каньяс шықты. Көп ұзамай Рохер пенальтиге қол жеткізді. Айып алаңына ене бергені сол еді, Ран Абукрат аяғын қойып қалып, шалып түсірді. Пенальтиді колумбиялықтың өзі орындап, қонақтарды алға шығарды - 0:1.
 
Екінші таймда қонақтар есепті теңестіру үшін бар күштерін салып алға ұмтылды. Дегенмен, Покатилов қателіктерге бой алдырған жоқ. Керісінше "Шахтердің" гол соғатын керемет мүмкіндіктер болды. Сондай сәттердің бірінде Геворг Казарян Мақсат Байжановқа пас шығарды. Мақсат допты көп ұстаған жоқ, шабуылдағы әріптесі Хижниченконың алдына салып берді. Бірақ Сергей бір метрден допты қақпаға енгізе алмай, пұшайман болды.
Кенет стадионда жарық сөніп қалып, ойын тоқтап қалды. Аз-кем үзілістен кейін жағдай реттеліп, матч қайта жалғасты. Бірақ бұл үзіліс "Шахтерге" еш жақсылық әкелмеді. Суып қалды ма, әйтеуір тізгінді қолдарынан біржола шығарып алды да, алдымен бұрыштамадан кейін гол жіберіп алып, артынша алаң иелері қақпамызға екінші голдарын соғып кетті. Ойын барысын өзгертуге тырысқан Виктор Кумыков алаңға Станислав Лунин мен Игорь Зеньковичті шығарды. Бірақ ойын жағдайын өзгерту мүмкін болмады.
«Шахтер» Еуропа лигасының топтық кезеңінен шыға алмады. Алайда, биылғы маусымда Виктор Кумыков шәкірттері Қазақстан жанкүйерлеріне естен кетпес жеңістер сыйлай алды.
 
«Маккаби» Хайфа — «Шахтер» 2:1 (0:1)
Голдар:
 Каньяс-пен 44 (0:1), Гозлан 76 (1:1), Абухазира 82 (2:1)
Ескертулер: Абукрат 44, Шейманн 49
«Маккаби» Хайфа: Эдри, Шейманн, Тватха (Райо 60), Габай, Пилявский, Абукрат, Цоцалич, Азулай (Тургеман 53), Веред, Райян (Абухазира 74), Гозлан
«Шахтёр»: Покатилов, Порываев, Тарасов (Каньяс 40), Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Байжанов, Казарян (Лунин 76), Финонченко, Хижниченко (Зенькович 88)
Бас төреші: Гедиминас Мажейка (Литва)
12 желтоқсан. Хайфа. «Кирьят-Элиазер».
 
Голдар: 2:1
Доп иелену: 58% — 42%
Барлық соққы: 9 — 20
Қақпаға тура соққы: 6 — 9
Қиыс соққы: 3 — 7
Тосқауыл қойылған соққылар: 4 — 7
Бұрыштама: 4 — 8
Офсайд: 6 — 3
Сары қағаз: 2 — 0
Ереже бұзу: 11 — 12
фолға мәжбүрлеу: 10 — 8
Пастар: 395 — 279
Тура пастар: 292 — 185. 
 
 
 


Автор: Александр Шатов

Фото: Думан Балықбаев

sports.kz


 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2455 )