РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарВиктор Кумыковтың «Маккабимен» болатын матч алдындағы баспасөз мәслихаты

12 Желтоқсан 2013, 11:20

Баспасөз мәслихатына бас бапкермен бірге команданың орталық қорғаушысы Алдин Джидич те қатысты.

 
— Бұл кездесу біз үшін өте маңызды, - деп бастады Виктор Балютович. — Егер осы ойында жеңіске жетсек, онда келер жылы еурокубок додасында "еленген" командалардың қатарынан орын аламыз. Яғни, біз үшін жақсы стимул. Дегенмен, "Маккаби" де жеңіске жетуге тырысары анық. Өз алаңның факторы деген тағы бар. Алайда, неде болса, біз бүгін тек жеңіс үшін алаңға шығамыз.
 
— Қарсыластарымыз өте қарымды. Бірақ біз де жеңісті қолдан бермейміз. Өйткені, келесі жылы жеребе тарту кезінде "еленген" командалардың қатарында болғымыз келеді. "Макккабидің" де әлсіз жерлері бар. Оларды да жеңуге болады, - деді Алдин Джидич.
 
— Виктор Балютович, «Маккаби» алаңға үздік ойыншыларын шығармақ. Ал "Шахтердің" құрамы қаншалықты қарымды болмақ?
— «Маккабидің» қалай ойнайтынынан хабарымыз жоқ, бірақ біз алаңға барлық үздіктерімізді қоса алмаймызү Жарақат алған ойыншыларымыз бар. Сонымен қатар, жаңа ғана негізгі қақпашымыз саусағын ауыртып алып, саптан шығып қалды.
 
Айтыңызшы, қалай ойлайсыз, "АЗ Алкмаар" мен ПАОК қалай топтан суырылып шыға алды? Ал «Маккаби» мен «Шахтер» сол күйі жөнді ұпай жинай алмай қойды?
— «Маккаби» үшін жауап бере алмаймын, өз командам үшін сөйлейін. Не үшін сәтсіз ойнап жүргеніміздің өз себебі бар. Біріншіден, тәжірибе жетіспей жатыр. Біз бірінші рет еурододаның топтық кезеңінде ойнап тұрмыз. Екіншіден, топтық кезеңге шыққан кезде трансферлік маусым аяқталып қойды да, команда құрамын қарымды ойыншылармен күшейте алмадық. Қазақстан біріншілігінің жүйесі бізге топтық кезеңнің алдында жаңа ойыншылар алдыртуға мүмкіндік бермейді.
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2453 )