РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Ақжайықтың» бас бапкері - Баймұхамедов

10 Желтоқсан 2013, 22:35

Баймұхамедов Бауыржан Исаұлы биылғы маусымда алдымен клубтың дубльдік құрамын жаттықтырған, одан кейін негізгі құрамдағы бапкерлер алқасының мүшесі болды.

Бауыржан Баймұхамедов 1948 жылдың 15 ақпанында дүниеге келген. 1965 жылдан бастап кәсіпқой футболдағы ғұмырын бастады. Алматының "Қайратынан" бөлек, Шымкенттің "Металлург", "Мелиоратор", "Жігер" клубтарында және Целиноградтың "Динамо" "Целинник" командаларында, Қарағандының "Шахтерінде", сондай-ақ Пермьнің "Звездасы" мен Новороссийск қаласының "Цемент" клубында ойнаған.
Бапкерлік ғұмырын 1982 жылы бастаған. Ресей мен Қазақстанның бірқатар клубтарын жаттықтырған. Ал 1994 жылы Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырды.

Естеріңізге сала кетейік, команда маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанады. Ол жақта жиын желтоқсанның 12-сінен 27-сіне дейін созылмақ. Дегенмен, команда құрамында биыл өнер көрсеткен футболшылардың біразы жоқ.

Атап айтсақ, чехиялық легионерлер Якуб Хлебоун мен Павел Черны басқа командалармен келісімшарттар жасасып қойды. Ал Евгений Коструб, Константин Зотов, Алексей Мальцев және Бауыржан Омаров Қазақстан Премьер-лигасының басқа командаларында сынақтан өтуде.

Сонымен қатар, чехиялық қақпашы Антонин Бучек, босниялық шабуылшы Недо Туркович және камерундық әмбебап Хаман Саджоның клубпен келісімшарттары аяқталып, олар командадан кетті. Түркиядан команда 28 желтоқсанда оралады. Ал келесі оқу-жаттығу жиыны келесі жылдың 7 қаңтарында басталады.

fc-akzhayik.kz
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2449 )