РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар1 желтоқсанда еліміз мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтеді

30 Қараша 2013, 15:24

Өйткені, дәл осы күні елімізде алғаш рет президенттік сайлау өтіп, халқымыз өз қалауын жасаған болатын. Сол кезде қазақстандықтар бірлікке, берекеге, ынтымаққа, кемел болашаққа дауыс беріп, таңдауларын жасады. Біздің еліміздің мықтылығы – халықтың бірлігінде.

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан қазіргі Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты таңдады. Оның стратегиялық дарыны, көрегенділігі, табандылығы, мақсатқа жетпей тынбайтын қасиеті — Қазақстан Республикасын жарқын болашаққа бастап, әлемдік аренада беделінің зор болуына сеп болды.

Қазақстан футбол федерациясы мен Кәсіпқой футбол лигасының атынан Сізді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесімен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, бақыт, отбасылық береке тілей отырып, барлық игі бастамаларыңыз баянды болсын демекпіз.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2430 )