РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарМихаил Гурман әйгілі футболшы Әбіл Қалымбетовтың басына гүл қойды

10 Қазан 2013, 20:36
10 қазанда қаланың көрнекті жерлерін тамашалау шарасы өтіп, ресми өкілдер жақында ғана пайдалануға берілген керемет мұз айдынын көздерімен көріп қайтты.
 
Одан кейін Михаил Гурман бар және тағы басқа спортшылар бар барлығы жиналып, әйгілі футболшы Әбіл Қалымбетовтың басына барды. Құран бағыштап, гүл қойды. Өз кезегінде КФЛ басшысы сөз алып, Қалымбетовтың Қызылорда футболына сіңірген еңбектерін атап өтті. Әбілді нағыз үлгі тұтарлық жан деп, оның өз командасына қаншалықты адал болғанын айтты. Ал Әбіл Арынұлының жұбайы Дана көрсеткен көмектері мен моральдық қолдаулары үшін Республикалық және облыстық футбол федерациялар мен "Қайсар" футбол клубының басшыларына алғысын жаудырды.
 
Іс-сапардың соңында ардагер футболшылар қаладағы А.С. Макаренко атындағы балалар үйіне қонаққа барып, бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар үлестірді. Бұған мәз-мейрам болып шаттанған балалар да қалыс қалған жоқ. Қонақтардың құрметіне концерттік шара ұйымдастырып, қызықты көріністер қойды. Бірақ барлығының да жүрегін елжіреткен қыздардың ана туралы әнді орындауы болды. Әсерлі шыққаны соншалық, атпалдай азаматтардың өздері көздеріне жас алып, білдірмей сығып алды.
 
Өзі де он жылдан астам уақыт балалар үйінде тәрбиеленген Михаил Гурман бүлдіршіндермен тез тіл табысып, әрқайсысының көңілін аулауға тырысты. Қоштасу оңай болған жоқ, бірақ әлі де мұндай кездесулердің ұйымдастырылып тұрары сөзсіз.
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2320 )