РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚызылордада Қазақстан футболының 100 жылдығы мен "Қайсар" футбол клубының 45 жылдығын атап өтті

10 Қазан 2013, 20:28
Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионда өткен ойынның алдында алдымен облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекелерімен құттықтады. Ал одан кейін еліміздің Әнұраны шырқалып, матч та басталып кетті.
 
Қазақстан ардагерлер құрамасы: Оспанов, Пасько, Есмұратов, Қожабергенов, Коньков, Арғымбаев, Жуненко, Көшекбаев, Рахымбаев, Әбенов (к), Тұрмағамбетов, Хасанов, Салимов, Кулинич, Омаров, Үмбетов, Анарметов, Мыңбаев, Қырықбаев, Жақыпбеков, Сейсенбеков, Дүйсенбиев, Рахманбердиев, Юмашев
«Қайсар» ардагерлер командасы: Әбілқасымов, Ақынбаев (к), Сәрсенов, Тасбергенов, Морозов, Волгин, Әбілдаев, Кенжебаев, Прімжанов, Есмағамбетов, Когай, Скорняков, Ахметов, Тен, К.Әбуов, Шаймағамбетов, Қалиев, Шерімбетов, Жүнісбеков
Төрешілер: Жаппасбаев, Жақсылық, Ахметов
 
Сонымен, қызықты да, тартысты матч басталып та кетті. Екі команданың да ойыншылары алаңда бар өнерлерін көрсетті. Құдды бір, ешқайсысы да қартаймаған секілді. Жас жігіттердей желпіне жүгіріп жүр. Дегенмен, үзіліске дейін командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау табал алған жоқ. Ал екінші таймда Қазақстан ардагерлер құрамасы ақырындап тізгінді қолдарына ала бастады. Нәтижесінде жергілікті жанкүйерлердің сүйікті шабуылшыларының бірі болған Тілеухан Тұрмағамбетов бұл жолы "Қайсардың" өзін қапы қалдырды. Қорғаушылардың арасынан әдемі сытылып өткен Тұрмағамбетов қақпашымен жеке-дара шықты да Әбілқасымовтан айласын асырып кетті. Есепті теңестіретін керемет мүмкіндік Болат Есмағамбетовта болған. Бірақ оның жойқын соққысы қақпа маңдайшасынан кері серпілді. Ал одан кейін Аркен Жақыпбеков "Қайсар" қақпасын дәл көздеп, есепті еселеді. Бұл қорытынды есеп. Қазақстан ардагерлер құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
 
Сергей Неудачин, Қызылорда
 
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2319 )