РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБалалардың мейрамы

06 Қазан 2013, 21:59

 Алматы қаласындағы Орталық стадионның қосалқы алаңында ерекше футбол турнирі өтті. Додаға №1 және №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысып, жеңімпазды төрт командаға бөлініп анықтады. Соңында балалар Қазақстан және неміс футбол ардагерлерінің қолынан естелік сыйлықтар алып, мәз-мейрам болып тарқасты.
ҚФФ-тың Балалар-жасөспірімдер департаментінің ұйымдастыруымен өткен турнирде №1 балалар үйінің екі командасының біреуі жеңіске жетті. Команда капитаны Сейілдә Байшақовтың қолынан жеңімпаз кубогын алды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға футбол формалары, доптар және басқа да сыйлықтар табысталды. Турнирді Қазақстан және Германия футболының ардагер жұлдыздары тамашалап, жас өрендерге қолдау көрсетіп отырды.


Вице-президент ФФК Сеильда Байшаков:
- Благодарю детей за то, что они показали на поле настоящий дух соперничества, но при этом относились друг к другу с уважением. Мы рады, что воспитанники детских домов имеют возможность оттачивать свое мастерство, и ведут здоровый образ жизни.

Штефан Байнлих, Неміс футболының ардагері:
- Жетім балаларды қолдау отыру — оң іс. Рас қой, олар әрдайым көмекке зәру. Өздерін айдалада қалғандай сезінбес үшін осылай көңілдерін аулап отырған дұрыс. Бүгін олар аяқдопты жақсы меңгергендерін көрсетті. Бәлкім болашақта осылардың арасынан әлем футболының жұлдыздары шығып, осы турнирді еске алар.


Михаил Гурман, ҚФЛ төрағасы:
- Өзім де 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін балалар үйінде тәрбиеленгенмін. Яғни, бұл балалардың күйін жақсы түсінемін. Сондықтан, әрдайым қолдап, көмектерімізді аямауымыз керек. Еліміздің арда азаматтары болып өсулеріне тілектеспін. Футбол оларға жақсы өмірлік бағдар болады. Егер осы балалардың арасынан ең болмаса, біреуі болашақта футболшы болып өссе, онда бүгінгі турнирірімздің бекер ұйымдастырылмағаны деп білемін.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2311 )