РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Шахтер» — «Скендербеу» 3:0. Келесі кезеңге нық қадам

30 Шілде 2013, 21:51



«Шахтер» (Қарағанды) — «Скендербеу» (Корча, Албания) – 3:0
Голдар: Джидич, 8. Мұртазаев, 79. Хижниченко, 90.
Ескерту: Финонченко, 23.
«Шахтер»: Мокин, Васильевич, Порываев, Джидич, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс (Байжанов, 90), Финонченко (Дарабаев, 86), Зенькович (Муртазаев, 73), Хижниченко.
«Скендербеу»: Шехи, Врапи, Адемир, Радаш, Гвозденович (Димо, 90), Орелеси, Томич (Абази, 72), Сефа, Лиляй, Шкемби, Пеич (Нимага, 46).
Бас төреші: Алексей Николаев (Ресей)
Астана. «Астана Арена» стадионы.

Шахтер» – «Скендербеу» кездесуінің статистикасы:
Доп иелену көрсеткіші: 53% — 47%
Қақпаға соққы: 23 — 6
Қақпаға тура соққы: 13 — 1
Тәртіп бұзу: 13 — 9
Офсайд: 3 — 1
Бұрыштама доптары: 6 — 2
Сары қағаздар: 1 — 0

«Шахтер» өз кездесуін өте сенімді өткізді. «Скендербеу» футболшыларын еркін қимылдатпай, әр шабуылын соққымен аяқтап отырды. Нәтижесінде ойынның 8-минутында-ақ бұрыштамадан асырылған допты команданың вице-капитаны Алдин Джидич голға айналдырса, екінші таймның соңғы жиырма минуттығында алаңға шыққан Роман Мұртазаев есепті 2:0-ге жеткізді. Ал кездесудің аяқталуына санаулы-ақ минуттар қалғанда Сергей Хижниченко қонақтар қақпасына үшінші голды соғып, «Шахтерге» сенімді жеңіс сыйлады. Айтпақшы, бас төреші офсайдтың кесірінен тағы екі голымызды санамай тастады. Игорь Зенькович пен Роман Мұртазаев тағы бір-бір голдан соққан болатын. Олар да есепке алынғанда, есеп 5:0-ге жетер еді. Бірақ бұл да жаман емес.
Енді жауапты ойын келесі сейсенбі, яғни тамыздың 6-сында Албания астанасы Тиранада өтеді. Егер «Шахтер» албандарды айналып өтсе, онда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне бір-ақ қадам қалады. Ал Еуропа лигасының топтық кезеңіне есік ашылады деген сөз.
Иә, керемет жеңіс. «Шахтердің» бұл ойыны «Ақтөбе» футболшыларын да жігерлендіріп, Владимир Никитенко шәкірттері де өз қарсыластарын осылай сенімді жеңеді деп үміттенеміз. Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі, яғни тамыздың 1-інде «Ақтөбе» өз алаңында Исландияның «Брейдаблик» клубын қабылдайды.

Виктор Кумыков, «Шахтер» футбол клубының бас бапкері:
   —   Өзіміз күткендей-ақ ойын өте ауыр болды. Әсіресе, екінші таймның басында қонақтар қақпамызға екі гол соғып кете жаздады. Бәлкім, олар шаршап қалды ма, бәлкім басқа себептер бар ма, әйтеуір соңғы минуттарда албандар сылбыр тартып қалды. Нәтижесінде, таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізе алдық. Егер матч алдында біреу маған келіп, «бүгін «Шахтер» ірі есеппен жеңіске жетеді» деп айтса, шыны керек, сенбес едім. Өйткені, «Скендербеудің» ойын өрнегі Қазақстан чемпионатындағы «Ақтөбенің» ойынына ұқсас. Бірақ албандардың құрамында техникалық шеберлігі жоғары ойыншылар көбірек. Әлбетте, Мұртазаевтың гол соққанына ризамын. Жігіт. Жарады. Енді Тиранада негізінен қорғанысқа көңіл бөліп, қарымта шабуылдарға иек артатын боламыз. Борисовте БАТЭ-ге қарсы қалай ойнадық, Тиранада да солай ойнаймыз.   
 

 

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Фото: Олега Битнера (sports.kz)

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2142 )