РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЖұмасқалиевтің шыңы

27 Шілде 2013, 21:54

Ел біріншілігінің 21-туры аясында "Жетісу" қақпасына гол соққан "Тобыл" капитаны Нұрбол Жұмасқалиев өзінің голдарының санын 148-ге жеткізді. Бұл ел футболының тарихындағы жаңа рекорд. Бұған дейін аталмыш рекорд марқұм Олег Литвиненкоға тиесілі болатын. Оның да еншісінде 148 гол бар, бірақ біреуі кейін саналмай тасталған.
Сонымен, Қазақстан футбол тарихының жаңа сұрмергені өзінің 148 голының 10-ын "Астана" сапында ойнап жүріп соққан. Ал қалған голдарының барлығын "Тобыл" клубында ойнап жүргенде соғыпты. Бір қызығы, өзінің 148-ші, яғни рекордты голын Жұмасқалиев "Жетісудың" қақпасына соқты. Ал біле білсеңіз, Нұрбол кезінде "Тобылға" талдықорғандықтардың сапынан ауысқан еді. Бұл 2000 жыл болатын.

Қазақстан футболының үздік сұрмергендері:
1) Нұрбол Жұмасқалиев — 148 доптар
2) Олег Литвиненко — 147 гол + 1 саналмай тасталған
3) Нүркен Мазбаев — 142
4) Мұрат Тілешев — 138
5) Андрей Мирошниченко — 115

Кәсіпқой футбол лигасы Нұрбол Жұмасқалиевті бұл жетістігімен құттықтап, голдарының санын өсіре беруіне тілектестігін білдіреді. Денсаулығың мықты болып, Қазақстан футболын дамытуға бағытталған барлық бастамаларыңа жеміс тілейді.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2136 )