РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар18 тур бапкерлердің көзімен

08 Шілде 2013, 13:17

«Ақтөбе» - «Тараз» 3:2
Арно Пайперс, "Тараз" футбол клубының бас бапкері:
— Өте жоғары деңгейдегі ойынның куәсі болдық деп есептеймін. Жанкүйерлер де осындай ойындардың көп болғанын қалайды. Ақтөбеде жұрттың футболды ерекше сүйетінін де байқадым. Атмосферасы ұнады. Егер біз де "Ақтөбе" сияқты әрдайым жақсы ойнасақ, Таразда да стадионға көрермендер көптеп жиналып, дәл осылай қошемет көрсетеді деп ойлаймын. Жалпы, "Ақтөбенің" бүгінгі жеңісі ешкімді таңғалдырмайтын шығар. Ал бізге дәл осы ойынымызды алдағы кездесулерде де көрсетіп, ұпай қоржынымызды молайта бастау керек.

Владимир Никитенко, "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері:
— "Таразбен" біздің бүгінгі жағдайымызды салыстыруға келмейді. Олар осы ойынға бір апта бойы дайындалды. ал біз төрт күнде екі кездесу өткізіп тұрмыз. Сондықтан, жігіттердің шаршаңқы көрінгендері рас. Оның үстіне, ауа-райы да футбол ойнауға жайсыздау болды. Қапырықпен де алысып, күшімізді жоғалттық. Тек ойын соңында жанкүйерлердің ерекше қолдаулары ғана қосымша күш беріп, жеңіс голын соға алдық. Дегенмен, "Тараздың" да өте керемет ойнағанын мойындауымыз қажет.


«Жетісу» - «Астана» 1:1
Мирослав Беранек, "Астана" футбол клубының бас бапкері:
- Кездесудің алдында жаңбыр жауғаны жақсы болды. Қапырықтан құтылғандай болдық. Ойын өте жылдам қарқында өтті. Әсіресе бірінші тайм қызықты болды. Гол соғатын көптеген мүмкіндіктеріміз болған еді, сәттілік жетіспей жатты. Қақпамызды голдан аман алып қалуға барынша тырыстық. Үзіліске дейін гол жіберіп алмауды ойладық. Дегенмен, бұрыштамадан асырылған пастан кейін "жетісулықтар" дегендеріне жетті. Дегенмен, меніңше ол жерде ешқандай да бұрыштама добы белгіленбеуі керек еді. Доп біздің футболшыларға тимеген. Одан кейін біз де гол соққан едік, оны төреші санамай тастады. Екінші таймда біраз күш жоғалтып алдық. Алма-кезек шабуылдармен өрбіген матчта екі команда да жеңіске жетуі мүмкін еді. Жалпы, бүгін біз құраманы біраз алмастырдық. Бұрын сирек ойнап жүрген жігіттерге мүмкіндік бердік. Қарсыласты менсінбегеннен емес, олардың тың күштеріне сенгендіктен осындай қадам жасадым. Меніңше, футболшыларым жаман ойнаған жоқ.

Омари Тетрадзе, "Жетісу" футбол клубының бас бапкері:
- Бүгін біз өте азулы командамен текетірестік. "Астана" ел чемпиондығына бекер таласып жүрген жоқ. Төрт күн бұрын Еуропа лигасындағы кездесуге қатысқандарына қарамастан бүгін жақсы ойнады. Жалпы, біз де, қонақтар да жеңістен үмітті болды. Сондықтан, тең есептің тіркелгені әділ деп есептеймін.
Жігіттерім тек жеңіс үшін ойнап жүр. Оны өздеріңіз де байқадыңыздар. Керемет деп айта алмаймын. Бірақ шамалары жеткенше тырысып жүр. Әйтпесе, бізде күнде өзгеріс болып кетті. Кетіп жатқан ойыншылар да аз емес. Әр ойын сайын жаңа команда жасақтап жатқан сияқтымыз.


«Восток» - «Қайрат» 1:1
Владимир Вайсс, "Қайрат" футбол клубының бас бапкері:
- Өте қиын ойын болатынын білгенбіз. "Восток" сауатты ойнады. Алаңда бос жер қалдырмай, барлық шепке иелік етуге тырысты. Біздің жігіттер біраз абдырап қалды. Кислицын тіптен нашар ойнады. Ал алаң иелері өте әдемі гол соқты. Бірінші таймда үш-төрт гол айырмасымен жеңіліп қалуымыз мүмкін еді. Сөйтіп, екінші таймда біраз өзгеріс енгіздім. Калинин мен Еременконы алаңға шығардым. Еременконың әдемі пастар шығара алатынына сеніп, қаптал арқылы ойын өрбітуге тырыстық. Жалпы, футболшыларыма айтарым, клубтың жасап жатқан жағдайларын құрметтеу керек. Келісімшартқа отырдың ба, өз ісіңді абыроймен атқар. "Ақжайық", "Восток" ойыншылары сияқты ойна, тырыс. Ал егер ойнағың келмесе, командадан орын жоқ. Бүгін жеңіске жетеміз деп келгенбіз, бірақ шыны керек бір ұпайдың өзі таза еңбекпен алған жоқпыз. Тең есепке де лайықсыз болдық.

Владимир Фомичев, "Восток" футбол клубының бас бапкері:
- Бүгін маған командамның ойыны ұнады. Бірақ бұған "Қайраттың" нашар өнер көрсеткені себеп болған шығар. Бірінші айналымда біз олардан таза ұтылғанбыз. Ал қазір барлығы керісінше болды. Алматының командасын әбден қыспаққа алып, "екі аяқтарын бір етікке тықтық". Сондықтан, жігіттеріме ризамын, олардың өз жұмыстарына адалдықтарына тәнтімін. Барлығы да барынша тырысты. Әлбетте, жеңіске жеткіміз келді. Соған жақын болдық. Бірақ Ли соққан гол жоспарымыздың барлығын бұзды. Дегенмен, егер дәл осы ойын үлгімізден таймасақ, онда ел біріншілігінің екінші кезеңінде өзіміздікін жібермеспіз. Оның үстіне, жарақат алған футболшылар да сол кезде сапқа қосылатын болады.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 2064 )