РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБауыржан Жолшиев: «Никаких переговоров с «Кайратом» я не веду»

06 Маусым 2013, 21:16
Нақты айтсақ, отандық футболсүйер қауымның бірқатары Жолшиевті Алматының "Қайратына" ауысады деп жүр. Ел біріншілігіндегі үзілісті пайдаланып, осы мәселеге байланысты Бауыржанның өз ойын білген едік.
 
- Бауржан, біріншіден жарақатыңыздан тезірек айығып кетуіңізге тілектеспіз. жасыл алаңға қашан оралуыңыз мүмкін?
- Жарақатымның қаншалықты ауыр екенін білмеймін. Жақында Чехияға бармақшымын. Ота жасатпасам болмайды. Жағдайымның қалай боларын сол кезде дәрігерлер айтатын болады. Дегенмен, жарақатымнан тезірек айығып, көп ұзамай жасыл алаңға ораламын деп ойлаймын. Өйткені, мен футболсыз өмір сүре алмаймын.
 
- Қазір сіз туралы алып-қашпа әңгімелер өте көп. "Қайратқа" ауысуыңыз мүмкін дейді көпшілік. Мыңдаған алматылық және қостанайлық жанкүйерлер осы сұрақтың анық-қанығын білгісі келеді. "Қайраттың" қатарына қосылатыныңыз рас па?
- "Қайратпен" ешқандай да келісімшарттар жүргізген жоқпын. Олармен бұл жайында кездесіп, сөйлескен де емеспіз. 14 маусым күні ел біріншілігінің аясында Қостанайда "Қайратты" қабылдаймыз. Сол ойында барымды салып, алматылықтардың ұпайсыз қайтуына бар үлесімді қосуға тырысамын. Сондықтан, бұл жайында "Тобыл" жанкүйерлері еш қам жемесе де болады.
 
- Сіздіңше "Тобыл" неге биыл ел біріншілігін сәтсіз бастады?
- Меніңше, тек "Тобыл" емес, көптеген командалар жаңа маусымда бірден қарқын алып кете алмаған сияқты. Қазір "Тобылда" бәрі реттелді. Ойын ақырындап жүре бастады. Өз қателіктерімізді түсініп, бапкерлер сенімін ақтауға тырысып жүрміз. Жалпы, басшылық бас бапкер Масленовқа сенеді. Ал ол өз кезегінде сол сенімді ақтау үшін бар күшін салып жүр
 
- Бауыржан, жалпы биылғы біріншілікте қарсылас қақпасына қанша гол соғу жоспарыңызда бар?
- Алдын ала жоспарлаған дұрыс емес шығар. Өз алдыма нақты мақсаттар қоймаймын. Қойсам да, мұны өз ішімде сақтап, үнсіз сол тұрғыда еңбектенуді жөн көресмін. Өткен жылы өз алдыма белгілі бір меже қойып алып, сол межеге жете алмағанмын. Ең бастысы, жарақатымнан айығып алайын. Сосын әр мүмкіндікті мүлт жібермей, қарсылас қақпасына қақырата гол соға беруге тырысамын. Болгарияға қарсы ойында ұлттық құрама сапында алаңға шыққым келген. Өкінішке қарай, кездесуді сырттан тамашалауға мәжбүр болдым. Енді бас командамыздың күздегі ойындарында барымды саламын.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1986 )