РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҮздік алтылыққа тартыс күшейді

24 Мамыр 2013, 21:22
 

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы бірінші кезеңінің екінші айналымы бастады. Өз ойындарын жеңіспен өткізген көшбасшылар турнир кестесінде басты бәсекелестерінен біршама ұзап кетті. Дегенмен турнир ортасында нағыз талас. Барлығы да үздік алтылықтан үмітті.

 «Ақтөбеде» – 27 ұпай, «Астанада» — 26. Ал басты қуғыншылары «Шахтер» мен «Ертіс» соңғы турда ұпай жоғалтып, әлгі екі ұжымның артынан ілесе алмай қалды.

 «Ақтөбе» 12-турда ел чемпионы «Шахтерге» қонаққа барды. Өте тартысты ойын өтеді деп күтілген. Шынында да, солай болды. Бірақ қонақтар екінші минутта-ақ есеп ашып үлгерді. Қақпаға допты алыстан қақырата тепкен өзбекстандық легионер Александр Гейнрихтің голы керемет болды. Екінші таймның басында «Ақтөбе» шабуылшысы алаң иелерін тағы бір рет сан соқтырып, есепті еселеп кетті. Осыдан кейін ғана етек-жеңдерін жиған «кеншілер» Сидельников қорғаған қақпаны жиі торуылдай бастады. Бірақ есепті қыс­қартудан басқаға шамалары жетпеді.

 «Астананың» да қарсыластары оңай шағылар жаңғақтардың қатарынан емес еді. Соңғы кездері «Қайрат» қарқын алып, тур өткен сайын турнир кестесінде алға жылжып келеді. Алайда елордалықтар өз мүмкіндіктерін мүлт жіберген жоқ. Алматыға қонаққа барған «Астана» Владимир Вайсс шәкірттерін 2:1 есебімен тізе бүктірді.

 Көш басындағы командалардың жайын айттық. Көш соңындағылар да соңғы турды сәтті өткерді. Мәселен, Талдықорғанның «Жетісу» клубы түзде «Ордабасыны» тізе бүктірді. Бұл ойында да қонақтар 2:1 есебімен жеңген. Жалпы, жыл басынан бері жалақы көрмеген «жетісулық» жігіттердің ерлігі қол соғуға тұрарлық. Сол сияқты Оралдың «Ақжайығының» да проблемасы жетеді. Бұлар да биыл мүлдем айлық алған жоқ. Дегенмен қарсыластарын бет қаратып жүрген жоқ. Егер Дауларды шешу палатасы алты ұпайынан айырмағанда қазір «Ақжайық» аутсайдерлер қатарында емес, үздік бестіктен орын алар еді. Бірақ, шыны керек, «Таразды» тізе бүктіру оңай болған жоқ. Тіпті ойын барысы, негізінен, қонақтардың бақылауында болды. Тек ойын аяғында «тараздық» Елдос Ахметов алаңнан қуылғанда ғана алаң иелерінің тыныстары ашылғандай болды. Сөйтіп, кездесудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда біріншіліктің үздік сұрмергені Игорь Зенькович оралдықтарға жеңіс сыйлады.

 Жалпы, 12-турда 15 гол соғылып, екі футболшы алаңнан қуылыпты. Алты кездесудің үшеуінде қонақтар үстемдік құрса, екі ойында алаң иелері жеңіске жетіп, бір матч тең аяқталған. Енді 13-тур ойындары 26 мамыр, яғни жексенбі күні өтеді.

 
Сонымен, биылғы біріншілікке қандай баға бересіздер достар? Меніңше бәрі де керемет өтіп жатқан сияқты. Көрермендер де стадиондарға көптеп келуде.
 
Біріншіліктің ойындары күннен күнге тартысқа толы болып келеді. "Челси" мен "Ювентусты" қайтесіздер, Қазақстан футболын көруге келіңіздер. Отандық футболға бірге жанкүйер болайық.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1968 )