РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Астананың» әдемі жеңісі

19 Ақпан 2013, 14:02

Қазақстандық командаға Кишиневтің "Академия УТМ" клубы қарсылас атанды. Жерлестеріміз ойын тізгінін бірден қолдарына алып, кездесудің басында біраз жүйелі шабуылдар ұйымдастырды. Алдымен Игорь Цыгырлаш айып алаңына ентеле кіріп, қақырата тепкен. Оқтай ұшқан теңбіл доп қақпадан сәл қиыс кетті. Одан кейін бұрыштамадан асырылған пасқа Зелао бірінші болып жеткен еді, кишиневтіктердің қақпашысы қайтарды. Осылайша "астаналықтар" шабуылдарын үдетіп, гол соғуға тырысқандарымен есепті бірінші болып молдовалықтар ашты. Айып добынан асырылған пасты қызылордалық "Қайсардың" экс-ойыншысы Адриан Кашкавал баспен бұрып, Ненад Эрич қорғаған қақпаға бұрып жіберді.
  
Дегенмен, жерлестеріміз еңселерін түсірген жоқ. Керісінше, керемет күш алып, кишиневтіктерді одан бетер қыспаққа алды. Ақыры Фокси Кетевоама әдемі паспен Филип Ивановскиді қақпашымен жеке-дара шығарып жіберген еді. Македониялық легионер мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Есеп - 1:1
  
Екінші таймды молдовандар ширақ бастады. Алайда астаналықтар да қарымта шабуылдарды сәтті ұйымдастырып отырды. Сондай шабуылдардың бірінде алдындағы қорғаушыдан сытылып өткен Филипп Ивановски қақпаның тоғыздығын дәл көздеп, есепті 2:1-ге жеткізді. Жерлестеріміздің шабуылы осымен тоқтап қалған жоқ. Алаңға жаңа қосылған Сергей Остапенко өзі бас болып, бірнеше шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ бірде қарсыластардың қақпашысы допты қайтарса, бірде бағанадан сәл биік ұшып жатты.
  
Ойынның соңында Марат Шахметовта гол соғатын мүмкіндік болған. Бірақ Дамир Кояшевичтің пасы әдемі шыққанымен Мараттың добы бағанадан сәл қиыс кетті. Дегенмен, ойын соңында "астаналықтар" қарсылас қақпасына үшінші рет гол соқты. Анығын айтқанда, гол соққан "Академия" қорғаушысының өзі. Валерий Коробкиннің Исламбек Қуатқа асырған пасына бөгет болмақ ниетте аяғын тосқан молдовалық команданың қорғаушысы абайсызда допты өз қақпасына енгізіп алды.
  
"Астана" бұл кездесуде алаңға мына құрамда шықты: Эрич, Бейсебеков, Зелао, Дмитренко, Горячий, Нұрдәулетов, Коробкин, Цыгырлаш (Шахметов), Қонысбаев (Кояшевич), Кетевоама, Ивановски (Қуат).


fca.kz
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1779 )