РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЖалмағамбетов жаңа командасын тапты

08 Ақпан 2013, 21:54

 

Астана футболының 29 жасар түлегі «Астана-1964» командасының құрамын толықтырды. Соңғы жиынды Жалмағамбетов спорттық бабын сақтап тұру мақсатында осы клубта өткізді. Ал оқу-жаттығу жиынының соңында келісімшарт жасасуға келісімін берді. Келісімшарт бір жылға жарамды.
Өзінің футболшылық карьерасында Мксим Жалмағамбетов «Екібастұз», «Жеңіс» (Астана), «Жастар» (Астана), «Евразия» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Ертіс» (Павлодар), "Ордабасы" (Шымкент) және «Астана» сынды клубтардың намысын қорғаған.
 
Тіптіү шетелде де доп теуіп қайтқан. Нақтырақ айтсақ, 2008 жылы Бельгияның "Антверпен" клубында жалға ойнаған. Соңғы маусымды "Ордабасы" сапында өткізіп, 4 ойында (44 минут) бір рет ескерту алған.
 
Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 2004 жыл мен 2008 жылдың аралығында өнер көрсетті. Бас командамыздың жейдесін 29 рет киген. Жалпы, Максим ұлттық құрамада ең көп ойын өткізген футболшылардың тізімінде (1992-2012 ж) 11-орында тұр. 
 
Ойыншының жетістіктері: «Жеңіс» сапында Қазақстан чемпионы (2006 г.), «Жеңіс» сапында Қазақстан кубогының иегері (2005 г.), «Ордабасы» сапында Қазақстан суперкубогының иегері (2012 г.).
 
Біздің анықтама: Жалмағамбетов Максим Нұрланұлы
Алаңдағы орны: орталық қорғаушы
Туған жылы: 11.07.1983 ж
Бойы/салмағы: 195 см/ 82 келі.
Соңғы клубы: «Ордабасы» (Шымкент)
 
Статистикалық мәліметтер «Астана-1964» бапкер-сарапшысы Сергей Майковичтің жеке мұрағатынан және www. kaz-football.kz веб-сайтынан алынды. 


sports.kz

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1759 )