ЖаңалықтарАверченко «Қайратта» сынақта
01 Ақпан 2013, 15:33

«Есіл-Богатырь», «Ақтөбе», «Тобыл» және «Жетісу» клубтарының бұрынғы ойыншысы бүгін "Қайрат" сапына қосылды. Тіпті бір жолдастық кездесуге қатысып та үлгерді. Евгений Одессаның "Черноморец" клубына қарсы кездесуге қатысты.
Айта кетейік, өткен маусымды "Тобыл" сапында бастаған жартылай қорғаушы жазда "Жетісу" сапына ауысып, екінші маусымды талдықорғандық клубтың қатарында өткізген болатын.
Негізі, Аверченко "Қайрат" футбол клубының қатарына өткен жылы қосылуы мүмкін еді. Алайда ол кезде қос тарап қаржылық жағынан келіспей қалған.
Автор: Қайсар Ғабитов
Тағы жаңалықтар
-
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXIII туры Олимпиада чемпионы Евгений Яровенконың құрметіне өтеді
-
Асхат Тағыберген – OLIMPBET-Чемпионаттың тамыз айындағы үздік футболшысы
-
Қайрат Нұрдәулетов - OLIMPBET-Чемпионаттың тамыз айындағы үздік бапкері
-
Еркебұлан Нұрғалиев - UBET-Бірінші Лиганың тамыз айындағы үздік ойыншысы