РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-18) Германияда

08 Қазан 2012, 13:00

Қазақстан және Германия футбол федерацияларының серіктестігі аясында 1995 жылғы жеткіншектерден құралған жасөспірімдеріміз Германиядағы турнирге қатысуға мүмкіндік алды. Немістердің Дуйсбург қаласында өтіп жатқан бұл турнирде өрнекті ойынымен көзге түскен жеткіншектер 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөсіпірімдер құрамасына шақырту алуға мүмкіндік ала алады. Осыған байланысты аға бапкер Сергей Тагиев бастаған жеткіншектер 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында бір апта бойы Талғардағы оқу-жаттығу базасында дайындық жиынын өткізген болатын. Еліміздің әр аймағынан шақыртылған 29 футболшының 18-і Германияға баруға мүмкіндік алды.
 


Немістер елінде дәстүрге айналған бұл дода Германия жасөспірімдер құрамасына (U-19) іріктеу ретінде өтіп тұрады. Бұл жолы қазақстандықтардан бөлек Германияның әр аймағынан 21 команда келіпті. Ойындар "30 минуттан екі тайм" жүйесі бойынша өтеді.

 

Өздерінің бірінші кездесулерінде жерлестеріміз Бранденсбургтен келген командадан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Қақпамызға енген жалғыз гол ойынның 23-ші минутында соғылған еді. Бұл кездесуге Тагиев бапкер мына ойыншыларды шығарды: Зайнутдинов, Халелов (Жұмағали 47), Кузьменко, Цой, Нұралы (Бейсембаев 47), Сатыбалды (Қарабалаев 31), Куксин (Балғабаев 31), Сапаров, Жүнісов (Әбдірахманов 51), Тұңғышбаев, Морозов. 

 

Дегенмен, айта кетейік, Сергей Тагиев командаға барлық үздіктерін шақырта алмады. Өйткені, 1995 жылғы футболшылардың бірнешеуі 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының сапында "Еуро-2013" іріктеу додасының финалына қатысу үшін Босния және Герцеговина еліне аттанып кеткен болатын.


 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-18):

Қақпашылар:
Бобыр Зайнутдинов (Тараз), Владимир Грошев (Қайрат)

Қорғаушылар:
Александр Кожевников, Саят Жұмағали (екеуі де - Ақтөбе), Жақсылық Халелов (Атырау), Юрий Кузьменко (Ертіс), Мадияр Нұралы (Тараз), Данил Цой, Ерлан Бисембаев (екеуі де - Тобыл)

Жартылай қорғаушылар:
Әділ Балғабаев (Астана), Алтынбек Сапаров (Атырау), Антон Куксин (Оқжетпес), Аян Қарабалаев (Ордабасы), Әлібек Сатыбалды, Алмас Әбдірахманов (екеуі де - Тараз)

Шабуылшылар:
Абай Жүнісов (Астана), Владислав Морозов (Восток), Еркебұлан Тұңғышбаев (Ордабасы)

 

Бапкерлер кеңесі:
Тагиев Сергей - Аға жаттықтырушы
Әубәкіров Қайрат - Жаттықтырушының көмекшісі
Кулиш Игорь - Қақпашылар жаттықтырушысы
Шамузов Мәлік - Физиотерапевт
Мырзамұрат Олжас - Менеджер
Сәбит Оралхан - Әкімші
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1500 )