РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОлжас Абраевтың Қарағандыға іс-сапары

04 Қазан 2012, 17:50

Жартылай финалға жолдама алған «Астана», «Шахтер», «Ақтөбе» және «Ертіс» енді ел чемпионатына ден қоя алады. Ал жартылай финалдың жеребесі 12 қазанда Қазақстан - Австрия ұлттық құрамаларының кездесуінің алдында тартылады.


Іс-сапар барысында Қазақстан кубогы ширек финалының жауапты кездесуі: "Шахтер" (Қарағанды) — "Жетісу" (Талдықорған) текетіресін тамашаладым. Сондай-ақ, ел чемпионының басшылығымен кездестім. Кездесу жиынына клуб басшыларынан бөлек, стадион әкімшілігі мен облыстық футбол федерациясының басшылары да қатысты. Клубтың жағдайын, аймақтық футбол федерациясымен қарым-қатыгасын және қаланың негізгі аренасымен серіктестігі жайын талқыладық.


«Шахтер» (Қарағанды) футбол клубы — Қазақстан футбол орталығын құраудағы пионерлердің бірі болып саналады. Клуб басшылығының сөзіне сенсек, жастарды тәрбиелеуде, балалар-жасөспірімдер футболын дамытуда ілгерілеушілік бар көрінеді. Дегенмен, резерв дайындауда қарағандылықтар әу бастан-ақ алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел: аймақтың әр жастағы жеткіншектері әр түрлі турнирлерде жетістіктерге жетіп жүр. Мәселен, биыл "Шахтердің" дубльдік құрамы дубльдік командалар арасында жеңіске жетті.


Алайда, клубтың проблемасы да жоқ емес. Нақты айтсақ, стадион көптен бері күрделі жөндеуді тілеп тұр. Рас, стадион халықаралық додалардың ойындарын қабылдап жүр. Бірақ осындай деңгейдегі әр ойыннан кейін УЕФА-дан ескерту алып келеміз. Трибунасын ретке келтіріп, пластикалық орындыұтарын жаңарту керек. Одан бөлек, аренаның сыртын әрлеп, жаңарту қажет.


Алаңның желегі де әр кезде әрқалай жағдайда. Қазір мысалға өте жақсы қалыпта болса, маусымның басында сын көтермейтін жағдайға жетеді. Бұл жылдан жылға жалғасып, дәстүрге айналып барады. Өздеріңіз білесіздер, "Шахтер" маусым басында қонақтарды әрдайым елорданың "Астана-Арена" стадионында қабылдап жүр. Әлбетте, бұл климаттық жағдайға да байланысты екені түсінікті. Бірақ бұдан да шығатын жолды іздеу керек қой. Жабық кешенді манеждің құрылысы бұл проблеманың шешімін табуға септігін тигізеді деп ойлаймын. Ал команданың дубльдік құрамы ойнайтын алаңның халі тіптен мүшкіл. Егер жағдай өзгермесе, онда бұл ареналарда ресми ойындарды қабылдауға рұқсат бермеуге мәжбүр боламыз.


Клубтың маркетингтік қызметі чемпиондық атағына сай емес. Өткен жылы маркетологтарының деңгейі жоғарырақ болатын. Ары бармай-ақ қоялық, өткен маусымдағы аншлагтарды еске алсақ жеткілікті болар. Жанкүйерлерді стадиондарға тарту үшін әртүрлі лотореялық ойындар ұйымдастырғаны да есімізде. Осымен отырып қалмай, клубқа маркетологиялық қызметін одан әрмен дамытқаны дұрыс еді. Жанкүйерлерді ұмытуға еш болмайды.
Көзге ұрып тұрған кейбір кемшіліктерге қарамастан, жақсы жақтары бәрібір көбірек. Ең бастысы облыс және клуб басшылығы менеджмент қызметіне керемет көңіл бөліп, команданы болашағынан мол үміт күттіретін жас мамандармен толықтыруда.

 

Олжас Абраев,
ҰФЛ директоры

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1495 )