РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақтың қарадомалақтары доп тебуді үйренеді

22 Тамыз 2012, 13:35

Олимпиада көлеңкесінде қалған сондай бір жағымды жаңалықтардың бірі елімізде балаларға арналған бес футбол орталығының ашылуы болды. Соңғысы Павлодарда отау тігіп, өз жұмысын бастап та кетті.

Биыл қаңтар айының бірінші жар­ты­сын­да «Қазақстан Республикасындағы бала­лар және жасөспірімдер футболының 2012-2022 жылдар аралығындағы даму бағ­дарламасы» деп аталатын жаңа жобаның тұсауы кесілген-ді. Еуропаның аяқ­добы озық бірнеше елдері мен Гер­маниядағы балалар және жасөс­пі­рім­дер футболының даму жүйесінің негізінде жасалған бұл жоба бүгінде жүзеге асы­ры­луда. Астанада, Қарағандыда, Таразда және Ақтөбеде футбол орталықтары ашы­лып, доп тебуге икемді, дарынды балалар білікті мамандардың қол астында аяқдоп өнерінің қыр-сырына қаныға бастаған. Соңғы болып мұндай орталық тамыз айы­ның алғашқы күндері Павлодарда ша­ңы­рақ көтерді.

Керекудегі футбол орталығына «Жұл­дыз» стадионы беріліпті. Бұл стадионда үш жасанды жасыл алаң бар. Бұл алаңдарда жылдың кез келген мезгілінде футбол ойнай беруге болады. Олардың аудандары әртүрлі. Ең кіші топтағы өрендерге, орта жас мөлшеріндегі жеткіншектерге және үлкен топтағы балаларға арналған. Сон­дай-ақ теориялық дәріс беруге арналған бөлмелер; киім ауыстыратын орындар; әр бала өз киімін шешіп қоятын шкафтар; ыстық және суық суы ағып тұрған, жуы­на­тын себезгілер бар.

Керекудегі футбол орталығының бәрі­нен кештеу ашылуының себебі, ел чем­пио­на­тының премьер-лигадағы басқа клуб­та­рымен салыстырғанда, «Ертіс» клубының ізбасарлар дайындау жұмыстары ақсаулы екен. Бұл клубтың бес жас шамасындағы жас балалар мен бозбалалардан жасақтал­ған командасы болмаған. Сондықтан бірінші кезекте Керекуге білікті бапкерлер тартып, содан соң жаңа орталықтың тоғыз жас мөлшеріндегі топтарын таланттармен жасақтау үшін біраз уақыт қажет болған. Бұл, әрине, бір күнде жүзеге асырыла салынатын шаруа емес.

Керекудегі футбол орталығына жас талант­тарды іріктеп алуда әуелі осы қала­да­ғы спортқа дарынды балалар мек­те­біндегі (СДЮШОР) үздік футболшы өрен­дер таңдалып алынған. Содан соң ай­мақ­тық «Кока-Кола-Былғары доп» дода­сында көзге түскен балалар шақыр­тыл­ған. Футбол орталығына келген талант­ты балалар бапкерлер сынағынан өтіп, бар­лық жас шамасындағы топтарды толық­тырған. Осылай Керекудегі футбол орталығы толыққанды жұмыс істей бас­тады. Бір қуанарлығы, Керекудегі футбол орталығына тек осы қалада тұратын жет­кіншектер ғана емес, қаланың іргесін­дегі бірен-саран ауыл балалары да іліккен. Әрі қазағы аса көп емес солтүстік өңірімізге тақау Керекудегі футбол орталығында қарадомалақтар аз емес секілді.

Жалпы, бес қаламыздағы осындай орта­лықтардың әр жас мөлшеріндегі топтың өз жаттықтырушысы бар. Олардың бәрі әрбір футбол орталығының техни­ка­лық директорына бағынады. Ал бес қаладағы футбол орталықтарының техни­калық директорлары Қазақстан футбол федерациясына есеп беріп отырады. Федерацияда олардың жұмыстарын Бела­русь маманы Анатолий Юревич қадағалап отырады. Ол осы жобаның басшысы болып табылады. Әрі бес футбол орталығының жұмыстарын үйлестірумен айналысады.

Әр топтағы жаттықтырушылардың жалақысын сол қаладағы кәсіби клуб төлейді (жоғарыда айтқанымыздай, ел чемпионатының премьер-лигасында ойнай­тын клубтар). Ал техникалық дирек­тордың жалақысын Қазақстан футбол орталығы төлейді. Осы жерде назар ауда­ра кетерлігі, Қазақстан футбол феде­рациясы «әр топтағы жаттықтырушылардың жалақысы 150 мың теңгеден кем болма­сын» деп қатаң талап қойып отыр. Салықты есептемегенде, қолына таза 150 теңге алуы керек екен. Ал балалар футбол орта­лық­тарында тегін оқытылады, ақысыз дәріс алады. Әрі олар футбол киімдерімен қамтамасыз етіледі. Өздері дәріс алатын қаланың клубы түстес киім-кешек киеді («Астана», «Ақтөбе», «Шахтер», «Тараз» және «Ертіс» клубтарының брендтік жей­делерін).

Қазақстан футбол федерациясының бұл жобасы – өте маңызды шара. Егер осы бастама тура жоспардағыдай қарқынмен жүзеге асырыла берсе, онда бұл жобаның пайдасы да, нәтижесі де телегей-теңіз бола­ды. Балаларымызды бүлдіршін кез­де­рінен бастап футболға баулу арқылы біз халық­аралық аренада да жоғары жетіс­тіктерге қол соза аламыз. Талай таланттың бағын ашып, талай қыранды ұядан ұшы­рып, ел футболының өркендеуіне ықпал етеміз. Мамандар «бұл жобаның нәтижесі мен жемісін алты-жеті жылдан кейін көре бастаймыз» деген пікірде.

Ендеше, іске сәт, жаңа жоба! Бұл баста­ма­ның өміршең болып, қазақ футболының көсегесін көгертуіне тілектеспіз. Лондон Олим­пиадасында төрткіл дүниені там­сан­дыр­ған Қазақстан спортшылары сияқ­ты фут­болшыларымыздың да дүние­жү­зін тәнті қылатын күні алыс емес деп ойлай­мыз.


Автор: Нұрғазы САСАЕВ
alashainasy.kz

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 1418 )